20.11.- 30.11.2017 аралығында өткен жаратылыстану - математикалық бірлестігінің апталағы
Мектебімізде жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өтті. апталықта математика, химия, биология, география пән мұғалімдерінің ашық сабақтары, сыныптан тыс жұмыстары, шығармашылық есептері тыңдалды. Жеке жоспарға сай әр жұмыс өз уақытында өткізілді. Әр мұғалім өзіне жүктелген міндеттерді зор ынтамен, үлкен жауапкершілікпен атқарды.
Біздің мектебімізде де бұл жайға ерекше көңіл бөлінген. Жұмыс барысында білім мен тәрбие беру үрдісінде мұғалімдер жаңа технологияларды мүмкіндігінше кеңінен қолданылуда. Апталықтағы барлық жұмыстарда ұстаздар интерактивті тақтаны қолдана отырып, компьютер мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана білді.
Апталықтың бірінші күні жаратылыстану пәніне байланысты қабырға газеттері шығарылды. Жас маман химия пәнінің мұғалімі Торебекова С.С. 7 сыныпта «Ауа. Ауа құрамы» тақырыбында өткізген ашық сабағында мұғалім жаңартылған білім мазмұнын негізге ала отырып, топпен, жұппен жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылды. Сабақ өз мақсатын толық ашып, жоғары деңгейде өтті. География пәнінің мұғалімі Жұмабекова Б.Ө. «Туған жер» тақырыбында ғылыми жоба сайысы ұйымдастырылып қалалық деңгейде көрскетілді. Сыныптан тыс жұмыс қызықты, мазмұнды өтіп, тәжірибесі мол ұстаздың жас мамандарға берер үлгісі, ұлағаты мол екені көрініс берді.
Сонымен қатар биология пәнінің мұғалімі Қордабаева А.А. 7-сыныптар арасында «Биология білігірі» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырды.
Сайыста оқушылардың танымдық деңгейлері, тұтқиылдан қойылған сұрақтарға ұтымды жауап бере білулері мұғалімдерді тәнті етті. Сайыс мақсаты балалардың пәнге деген қызығушылығын, жеңімпаз болуға, білімге деген ұмтылыстарын арттыру болатын. Физика пәнінің мұғалімі Сламбекова М.Ш. «Физика әлемі» атты сыныптан тыс жұмыс
8-9 сыныптар арасында өткізді. Математика пәнінің мұғалімі Ахаева К.К. 9 сыныптар арасында «Математика –ғылымдар патшасы» атты математикалық сайыс өткізді.
Сайыста оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Математика пәні мұғалімі Балпыкова Н.Ш. 8 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайыс өткізді.
Бұл іс-шара толық өз мақсатына жетті. Апталық соңында апталық қорытындысы шығарылып, белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен мадақталды.