Размер шрифта:

«Ту ұстаушылар күні»

Дата: 2017-12-23 05:17:16
«Ту ұстаушылар күні»

      Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне 26 жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.

    Орта мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие негізінде жыл сайын өтілетін  желтоқсан айының 13- ші жұлдызында қалалық оқушылар сарайында «Ту ұстаушылар күні» мерекесі аталып өтті. Аталмыш іс – шара әр мектептің 9- 10 сынып  оқушыларынан құрылған ту ұстаушылар тобы қатысты. Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік оқушылардың туды нық ұстап көтергеннен бірден айқын байқалды. Байқауға қатысқан оқушылар :

Амантаев Ақжол 9 «А», Жақсылықова Айнұр 9 «а» , Қуатбекова Балым 9 «Ә», Коставлет Айбек 10 «А», Сағынышқызы Гүлім 9 «Ә»,  Базылханова Айзада 10 «А»    Жетекшісі: алғашқы әскери  дайындық пәнінің мұғалімі Сауғанбаев Құралбек Елемесұлы.

    Өкінішке орай біздің  мектептің оқушылары  байқауда  орын алмады.  Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің ту ұстаушылар тобы мақтау қағазымен мар апатталды. Қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

Автор: №5 ОМ