Жазғы мектеп оқушылары табиғат аясында демалды

Дата: 2026-06-11 09:46:58
Жазғы мектеп оқушылары табиғат аясында демалды

2026 жылғы 5 маусымда жазғы мектеп жұмысы аясында оқушылар үшін табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды. Бұл күн балалар үшін ерекше әсерге толы әрі қызықты өтті.

Таза ауада серуендеген оқушылар өздерімен бірге алып келген кітаптарын оқып, оқыған шығармалары туралы ой бөлісті. Кітап оқу арқылы балалардың танымдық қызығушылығы артып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар оқушылар әртүрлі қимылды және логикалық ойындарға қатысып, өздерінің ептіліктері мен ойлау қабілеттерін дамытты. Табиғат аясындағы серуен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтты.

Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.

Автор: №5 ОМ