Размер шрифта:

Жазғы мектепте дұрыс тамақтану туралы танымдық кездесу өтті

Дата: 2026-06-11 09:44:53
Жазғы мектепте дұрыс тамақтану туралы танымдық кездесу өтті

2026 жылғы 8 маусымда жазғы мектептегі күн денсаулық сақтау мекемесінен келген медбикелермен өткен танымдық кездесуден басталды. Мамандар оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін маңызын түсіндіріп, күнделікті ас мәзірінде дәрумендерге бай тағамдарды тұтынудың пайдасы туралы айтты. Сонымен қатар, зиянды тағамдардың ағзаға тигізетін кері әсерлері жөнінде де құнды мәліметтер берілді.

Кездесу барысында «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты. Оқушылар тағам түрлерін ажыратып, өз пікірлерімен бөлісіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Сергіту сәттері өткізіліп, көңілді атмосфера қалыптасты.

Танымдық іс-шарадан кейін жазғы мектеп сабақтары жалғасын тауып, оқушылар қазақ тілі мен математика пәндері бойынша білімдерін жетілдіруге арналған тапсырмалар орындады. Балалар сабаққа қызығушылықпен қатысып, белсенділік пен жауапкершілік көрсетті.

Күн мазмұнды, пайдалы әрі қызықты өтіп, оқушылар жаңа білім мен жақсы көңіл-күйге ие болды.

Автор: №5 ОМ