Размер шрифта:

Мектеп асханасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша терминал орнастырылып, карта және QR арқылы төлем қабылдануда.

Дата: 2023-09-14 01:27:29
Мектеп асханасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша терминал орнастырылып, карта және QR арқылы төлем қабылдануда.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін» КММ-де балаларды сапалы тамақпен және денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша терминал орнастырылып, карта және QR арқылы төлем қабылдануда. Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселі бойынша қамқоршылық кеңесінің отырысы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:
- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тамақтану сапасын, калориялылығын және теңгерімділігін бақылау;
- ауыз су режимін қамтамасыз ету.
      Биылғы оқу жылында 1-4 сынып оқушылары арасында 208 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.  Жекелеген санаттары үшін құжаттарды қабылдау арқылы 17 оқушы тамақпенқамтылып, осы санаттағы оқушылар үшін құжаттар қабылдау қыркүйек айының бойынша жұмыс жүргізілуде. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес ұйымдастырылады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру білім бөлімінің әзірлеген мәзір негізінде жүзеге асырылады.
Тамақтану мектептің жұмыс  кестесіне және  мектеп  директорының  бекіткен тамақтану кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыру, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, жеткізілетін өнімдердің сапасы, ас блогында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында мектепте құрамында 7 адам бар бракераж комиссиясы бекітілді. Комиссия жұмысы мектеп директорының бекіткен "Бракераж комиссиясы туралы ережесімен" және "Ас блогындағы жұмыс ережесімен" реттеледі. Тамақтану жөніндегі комиссияның отырыстары ай сайын өткізіледі.
Комиссия мүшелерімен асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бақыланады, салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс тамақтану негіздері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізледі, асханадағы кезекшілік бақыланады, дайын өнімнің бракеражы, дайындалған тағамдардың сапасы жүргізіледі.
Мектеп асханасында 2 бейнекамера орнатылған: 1-сі тамақтану залында, 2-сі ас блогында.
Сондай-ақ, тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі директор жанындағы жиналыстарда және педагогикалық кеңестерде қаралды.
Мектептегі тамақтану үшін жауапты тұлға: сынып жетекшілері сыныптар бойынша тегін тамақтанатын оқушылардың күнделікті есебін жүргізеді, әлеуметтік педагог тамақтану бойынша табель толтырады.
Дұрыс тамақтану саласындағы санитарлық білім беру жоспарын іске асыру бірқатар аурулардың дамуына әкелетін оқушылардың диеталық әдеттерінің ұтымсыздығының алдын алуға көмектеседі.  
Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.  Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіліп отырады.
Автор: №5 ОМ