Апталық бойынша өткен жалпы іс-шара қорытындысы
31.01.-04.02.2022ж. «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының ақпары
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының жоспары бойынша мектепішілік жоспары құрылып іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты:
Информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу және ойын әдістерін қолдану арқылы ақпараттық сауаттылық апталығын дайындау және өткізу барысында оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Міндеттері :
- Күнделікті өмірде, оқуда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану білігін дамыту;
- Информатика пәніне және АКТ-ға қызығушылықты қалыптастыру және нығайту;
- Ақпараттық технологиялар саласында оқушылардың дайындық деңгейін арттыру
Жоспардың 1 күнінде информатика пән мұғалімдерінің қатысуымен мектептің дәлізінде "Онлайн медиа мектеп: біз қазіргі сәтте" тақырыбында стенд әзірленді.
01.02.2022ж. 3-7 сыныптар арасында - Сандық әлемде өзіңізді қалай қорғауға болады? Қауіпсіз саяхат ережелері интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы әңгіме, ойын элементтерімен әңгіме бейнелер мен фильмдерді тамашалады.
Мақсаты: Интернет -ақпаратты сақтайтын және тарататын бүкіләлемдік желі екенін түсіндіру,Желідегі бүкіл ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіндіру. Электрондық оқыту жүйесі арқылы оқушылардыдың қызығушылықтарын арттыра отырып,жан-жақты сапалы білім беру.
8-9 сыныптар арасында «Интернет пен әлеуметтік желілердің қауіп-қатері; әлеуметтік желілерде кездесетін мәселелер» тақырыптарында сынып сағаттары өткілді.
Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру. Сынып сағаттары мақсаттарына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді.
02.02.2022 ж. директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы мұғалімдерге арналған "Цифрлық сауаттылық" тақырыбында семинар өткізді.
Мақсаты: педагогтердің медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру.
Семинарда мұғалімдер әр түрлі сайттармен, Egov.kz электронды үкімет порталымен жұмыс жасауды үйренді. Және де күнделікті өмір қажетті мобильді қосымшалармен таныстырылды.
“Ақпараттық технологиялар әлемі” атты 4-ші сыныптар арасында Олимпиада өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты ерікті түрде қатысу мүмкіндігі, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз күштерін, қабілеттерін сынау. 4 “Ә” және 4 “Б” сыныптары сайысты. Олимпиада нәтижесі:
І орынды: Жұматай Райана 4”Б”
Дүйсенғали Аруна 4”Ә”
Ғабдолла Рамазан 4”Ә”
Ерғали Бағжан 4”Ә”
Өрік Ақтілек 4”Ә”
ІІ орын: Есекеев Омархаям 4”Б”
Тлеуқұл Кәусар 4”Б”
Алсарұлы Ерғазы 4”Б”
Тлеубай Батыр 4”Ә”
ІІІ орын: Қожахметова Айару 4”Ә”
Ерболқызы Кәусар 4”Ә”
Берлібай Аяна 4”Ә”
Абдибеков Ершат 4”Б”
Тлеутай Ниет 4”Б”
03.02.2022ж. күні Куандыков Нургелды Суюндикулының ұйымдастырумен “Жас IT-ші” атты 7-8 ші сыныптар арасында Челендж өткізілді. Челендждің басты мақсаты ерікті түрде қатысу мүмкіндігі, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз күштерін, қабілеттерін сынау.
03.02.2022ж. күні «MediaStart» («Қауіпсіз желі») тақырыбында Конкурс өтті. 3-4 сыныптар арасында «Сурет салу», 5-6 сыныптар арасында «Видеороликтар» жасау бойынша сайысты.
Мақсаты: оқушылардың креативті ойлауын шыңдау;
өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру мен техникалық дағдыларын дамыту;
цифрлық және аналитикалық дағдыларын қалыптастыру;
оқушылардың ақпараттық сауаттылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға ықпал етеді.
Конкурстың нәтижесінде:
І орынды: 3-4 сыныптар арасында «Сурет салу»
Танырбергенова Алина 3 «Ә»
Шаймурат Айлин 3 «Ә»
Қабдырахым Аружан 3 «Б»
Тлеутай Ниет 4 «Б»
II орынды: Дәулетқызы Айша 4 «А»
Шакижанова Адила 4 «А»
Жетпис Аманжол 4 «А»
Кенжебек Хадиджа 4 «А»
IІI орынды: Күлмағанбетов Алмаз 4 «Б»
Жұматай Райана 4 «Б»
Чекушкина Мадина 4 «А»
Қанат Айым 3 «Ә»
І орынды: 3-4 сыныптар арасында «Видеороликтар»
Әділетқызы Айым 6 «Ә»
Асылбекова Алина 6 «Ә»
Досмагулова Акмарал 6 «Б»
«Цифрлық әлем” ақпараттық сауаттылығын дамыту апталығына орай Куандыков Нургелды Суюндикулының ұйымдастыруымен 5 ақпан күні “Роботтар жарысы”, “Роботтың сызық бойымен қозғалысы” атты робототехника жарысын өткізді. Жарысқа 5”А” және 5”Ә” сынып оқушылары қатысты.
Жалпы мақсаты:
Робототехника үйірмесінде, информатика пәнінен алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін өмірде және практикада қаншалықты қолдана алтындықтарын көрсету.
Оқу нәтижесі:
1.Оқушылар инженерлік, конструкторлық, шығармашылық қабілеттерін практикада қолдана алады.
2. Роботтарға программа құрып, тестілеуден өткізеді. Топ жұмысын роботтар жарысында көрсете алады.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең “Таныстыру”; 2-кезең “Тест” quizziz бағдарламасында; 3”Кім жылдам” - роботтардың сызық бойымен жүруі; 4-кезең “Сумо”-роботтар шайқасы және рефлексия “jamboard” тақтасында жарысқа кері байланыс жасады. Оқушыларбарлық кезеңнен сүрінбей өтіп, 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Апталықтың соңғы күнінде оқушылар олимпиадасының, видеороликтер, челлендждер, робототехника конкурстарының нәтижелері бойынша жабылу салтанытында марапатталды. Өткізілген іс-шаралар мектептің әлеуметтік желілеріне және сайтқа салынды. «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы бойынша мектебімізде жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізіліп, апталық мақсат, міндеттеріне жетті.