2021-2022 оқу жылына тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін» КММ-де балаларды сапалы тамақпен және денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шектеу іс-шаралары және оның ішінде карантин кезеңінде тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша терминал орнастырылып, карта және QR арқылы төлем қабылдануда. Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселі бойынша қамқоршылық кеңесінің отырысы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:
- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тамақтану сапасын, калориялылығын және теңгерімділігін бақылау;
- ауыз су режимін қамтамасыз ету.
Биылғы оқу жылында 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылады. Қазіргі уақытта балалардың жекелеген санаттары үшін құжаттарды қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес ұйымдастырылады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру білім бөлімінің әзірлеген мәзір негізінде жүзеге асырылады.
Тамақтану мектептің жұмыс кестесіне және мектеп директорының бекіткен тамақтану кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыру, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, жеткізілетін өнімдердің сапасы, ас блогында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында мектепте құрамында 5 адам бар бракераж комиссиясы бекітілді. Комиссия жұмысы мектеп директорының бекіткен "Бракераж комиссиясы туралы ережесімен" және "Ас блогындағы жұмыс ережесімен" реттеледі. Тамақтану жөніндегі комиссияның отырыстары ай сайын өткізіледі.
Комиссия мүшелерімен асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бақыланады, салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс тамақтану негіздері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізледі, асханадағы кезекшілік бақыланады, дайын өнімнің бракеражы, дайындалған тағамдардың сапасы жүргізіледі.
Мектеп асханасында 2 бейнекамера орнатылған: 1-сі тамақтану залында, 2-сі ас блогында.
Сондай-ақ, тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі директор жанындағы жиналыстарда және педагогикалық кеңестерде қаралды.
Мектептегі тамақтану үшін жауапты тұлға: сынып жетекшілері сыныптар бойынша тегін тамақтанатын оқушылардың күнделікті есебін жүргізеді, әлеуметтік педагог тамақтану бойынша табель толтырады.
Дұрыс тамақтану саласындағы санитарлық білім беру жоспарын іске асыру бірқатар аурулардың дамуына әкелетін оқушылардың диеталық әдеттерінің ұтымсыздығының алдын алуға көмектеседі.