Тәуелсіздік мерекесіқарсаңында мектеп кітапханашылары Балқаш қалалық білім бөлімінің басшысы Г.Ж.Ағдарбекованың қабылдауында болды.
Тәуелсіздік мерекесіқарсаңында мектеп кітапханашылары Балқаш қалалық білім бөлімінің басшысы Г.Ж.Ағдарбекованың қабылдауында болды. Жиын барысында Гүлмира Жеңісбекқызы мерекемен құттықтап, кітапхана саласында өлшеусіз қызмет етіп келе жатқан мектеп кітапханшыларын марапаттады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Егемен еліміздің мәдени дамуына, соның ішінде кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі үшін Б.Қазбекова, С.Анитова, К.Махашова, З.Беделбаева, Г.Башарова, Н.Купрянчик Р.Исабаевалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасының алғыс хаттарына ие болды.
Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінің әдіскері Р.Бакаеваның бастамасымен мектеп кітапханашылары биылғы оқу жылындағы жарты жылдық бойынша өткізілген іс-шараларды сараптап, алдағы жұмыстардың жүйелі өтуін талқылады.

