Ізгілік сағаты
Date: 2026-10-14 15:10:31
«Адал ұрпақ» бастамасы аясында 2026 жылғы 14 қазанда №4 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары үшін «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сондай-ақ «заң және тәртіп» қағидатын насихаттау арқылы күнделікті өмірде заңға бағынудың маңыздылығын түсіндіруді көздеді. Заңдар мен мінез-құлық нормаларын сақтаудың тек оқушылардың өз игілігіне ғана емес, сонымен қатар тұтас қоғамға қалай әсер ететінін көрсететін түрлі мысалдар келтірілді.