Последний звонок

Дата: 2026-05-25 15:26:42

КММ «№4 жалпы білім беретін мектебінде» түлектер, ұстаздар, ата-аналар және барлық оқушылар үшін толқынысқа толы әрі көптен күткен мереке — Соңғы қоңырау салтанаты өтті.

Бұл күн білімге, достыққа, жарқын оқиғалар мен жетістіктерге толы мектеп өмірінің маңызды кезеңінің аяқталғанының белгісі болды. Салтанатты жиында мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен қонақтар құттықтау сөздер айтып, ақ тілектерін білдірді.

Ерекше лебіздер мектеп қоңырауын соңғы рет естіген түлектерге арналды. Алда оларды жаңа мақсаттар, тың жаңалықтар мен ересек өмірге бастар дербес жол күтіп тұр.

Мерекені оқушылардың шығармашылық өнерлері, ұстаздар мен ата-аналарға арналған жүрекжарды алғыс сөздер, сондай-ақ дәстүрлі түлектер вальсі көркемдей түсті.

Түлектерімізге өз күштеріне сенім, емтихандарды сәтті тапсыруды, армандарының орындалуын және жарқын болашақ тілейміз! Мектептегі жылдар әрқашан ең мейірімді әрі бақытты кезең ретінде естерінде сақталсын!

Автор: СШ №4