В рамках профилактической работы среди учащихся 7-х классов была проведена беседа на тему «Береги общественное имущество!». Цель беседы — формирование у школьников бережного отношения к школьному имуществу, развитие чувства ответственности за сохранность
7-сынып оқушылары арасында профилактикалық жұмыс аясында «Қоғамдық мүлікті сақтайық!» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың мектеп мүлкіне ұқыпты қарауын қалыптастыру, жиһаздардың, оқулықтардың, құрал-жабдықтардың сақталуына және оқу кабинеттеріндегі тазалыққа жауапкершілік сезімін дамыту.
Әңгіме барысында оқушыларға мектептегі тәртіп ережелері, парталарға, орындықтарға, стендтерге, оқу құралдарына және басқа да мектеп мүлкіне ұқыпты қарау қажеттігі еске салынды. Сондай-ақ мектеп мүлкінің сақталуы әр оқушының саналы көзқарасына байланысты екені айтылды.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, қоғамдық мүлікке ұқыпты және ұқыпсыз қарау мысалдарын келтірді. Олар мектеп мүлкіне қамқорлық жасау — өз мектебіне және өзгенің еңбегіне деген құрметтің белгісі деген қорытындыға келді.