«Мен – өзін-өзі басқару көшбасшысымын» презентациялар байқауы: 1 орын - Куликова Мария (ЖББМ №4)

Дата: 2023-01-06 11:18:59
«Мен – өзін-өзі басқару көшбасшысымын» презентациялар байқауы: 1 орын - Куликова Мария (ЖББМ №4)

Мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту, білім алушылардың өзіндік қабілеттерін іске асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Жетістік портфолиосы» атты мектеп парламенті мүшелері арасындағы Республикалық қашықтық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың өзіндік қабілеттерін іске асыру дағдыларын дамыту және насихаттау. Байқауға республика бойынша жалпы 355 білім алушы қатысып, Балқаш қаласынан 12 жұмыс ұсынылды. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: 1) «Болашақ мектебінде оқушының өзін-өзі басқаруын қалай көремін» эссе байқауы; 2) «Мен – өзін-өзі басқару көшбасшысымын» презентациялар байқауы; 3) жобалар конкурсы. Қатысушылар байқауға өз жұмыстарын қазақ және орыс тіліндегі эссе, презентация форматында ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша:
«Мен – өзін-өзі басқару көшбасшысымын» презентациялар байқауы:
1 орын - Куликова Мария (ЖББМ №4)

Автор: СШ №4