2021 жылы 1 наурыз күні Балқаш қаласындағы ЖББ № 4орта мектебінде ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин бабамыздың туғанына биыл 180 жыл толуына байланысты 9, 11 –сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Дата: 2021-03-02 15:51:05
2021 жылы 1 наурыз күні Балқаш қаласындағы ЖББ № 4орта мектебінде ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин бабамыздың туғанына биыл 180 жыл толуына байланысты 9, 11 –сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өтті.

2021 жылы 1 наурыз күні Балқаш қаласындағы ЖББ № 4орта мектебінде ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин бабамыздың туғанына биыл 180 жыл толуына байланысты 9, 11 –сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Жиынды Карина З.С. мен Жұмабаева С. К., Амиркулова Г.Р. қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері ұйымдастырып, өткізді. Жиынның мақсаты: Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларын насихаттау арқылы кітапқа, поэтикалық сөздеріне деген қызығушылығын ояту; жалпыадамзаттық құндылықтарға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру; Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту;

Жиынның тұсаукесерін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Амиркулова Г.Р. бастап, ұлттың қамын ойлаған Ыбырайдай кемеңгердің барлық сан қырлы қоғамдық қайраткерлік және шығармашылық іс-әрекеті қазақ халқының әлемдік өркениетті мәдениетпен танысуы және халықтар арасындағы достықты нығайтуға арналғандығын атап өтті. Осы іс-шараның өтуіне 4-сынып оқушылары да белсене атсалысты Слипченко Яна мен Верхулевская Варвара «Өнер білім бар жұрттар», «Өзен» Ыбырай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, жоғары дәрежедегі шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді. 9 «В» сынып оқушысы Мирная Виктория Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелеріне шолу жасап, олардың адамгершілік және эстетикалық талғамды қалыптастыруды тәрбиелеудегі маңызын атап көрсетті. Жиын соңында оқушылар ағартушы-ұстаздың мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

Автор: №4 ОМ