Бүгін № 10 мектебімізде қыздармен «Ерте және қалаусыз жүктіліктің алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Дата: 2026-11-27 14:35:41
Бүгін № 10 мектебімізде қыздармен «Ерте және қалаусыз жүктіліктің алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында әйел затының қадір-қасиеті, ар-намыс, пәктік, өзіне, денсаулығына және болашағына ұқыпты қарау туралы айтылды. Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, саналы таңдау жасауға және өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды.
Қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарын жасырын түрде жолдап, оларға жауап алды.
Әңгіме әрбір қатысушыға қыз бала болудың қандай тамаша екенін, өзін бағалаудың, жеке шекарасын құрметтеудің және болашағын сеніммен құрудың маңыздылығын еске салуға мүмкіндік берді.
Әңгімені клиникалық психолог, № 10 мектептің психологі Ледовская Татьяна Владимировна өткізді.


