Эмоциялық қолдау — баланың жетістігіне бастайтын маңызды қадам!

Дата: 2026-11-27 13:37:16
Эмоциялық қолдау — баланың жетістігіне бастайтын маңызды қадам!

26 қарашада 1 «В» және 3 «А» сыныптарында Психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының (ППҚО) қызметі аясында ата-аналарға арналған «Оқудағы қиындықтарды еңсеру кезінде балаларға эмоционалдық қолдау көрсету» тақырыбында сабақ өтті.

Кездесу барысында ата-аналар балалардың оқу үдерісінде ересектердің түсіністігі, шыдамдылығы мен қолдауы қаншалықты маңызды екенін талқылады. Баланың сәтсіздіктеріне дұрыс жауап беру, өз күшіне деген сенімін арттыру, оқуға ынталандыру және кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектесу жолдарына ерекше назар аударылды.

Әрбір баланың қателігі — жаңа нәрсе үйренуге мүмкіндік, ал әрбір кішкентай жетістігінің артында баланың үлкен еңбегі мен жақындарының қолдауы тұрады.

Балаға өзінің бар күшін салуы керектігін айту ғана емес, оған сенетінімізді сезіндіру де маңызды екенін ұмытпаңыз!

Бірге әрбір бала білім алып, дамып, өз мүмкіндіктеріне сенетін жағдай жасаймыз!

Автор: №10 ЖББОМ