25 қараша күні мектебімізде 9-сынып оқушыларына (ұл балаларға) арналған «Ер баланың өсу кезеңі: денсаулық, адамгершілік және жауапкершілік» тақырыбында танымдық дәріс-әңгіме өтті.
25 қараша күні мектебімізде 9-сынып оқушыларына (ұл балаларға) арналған «Ер баланың өсу кезеңі: денсаулық, адамгершілік және жауапкершілік» тақырыбында танымдық дәріс-әңгіме өтті.
Кездесу барысында жыныстық жетілу кезеңіне, жасөспірім шақтағы физиологиялық және психологиялық өзгерістерге, жеке гигиенаға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлық мәдениетіне және адамгершілік құндылықтарға қатысты өзекті мәселелер қозғалды.
Айналадағы адамдарға және олардың жеке шекараларына құрметпен қарауға, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алуға және саналы мінез-құлықты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Дәрісті «Ғибрат» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Омаров В. А. өткізді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдерге маңызды білім алып, өзіне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ өсу кезеңінен сенімді өтуге көмектеседі.


