Размер шрифта:
↑

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ — ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Дата: 2026-11-26 13:00:31
БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ — ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

2026 жылғы 24 қарашада Қарағанды қаласында Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумының облыстық кезеңі өтті.

Форум қорытындысы бойынша Балқаш қаласының командасы 12 команданың арасынан III орынға ие болды!

Форумда Балқаш қаласының намысын қорғаған оқушылар:

  • Дилара Мұратқызы — Абай атындағы №2 мектеп-лицейі;
  • Калиолла Аль-Тайр — №10 жалпы білім беретін мектебі;
  • Алсарұлы Ерғазы — №12 жалпы білім беретін мектебі;
  • Исабекова Аида — №24 мектеп-интернаты.

Қатысушылар өз идеяларын ұсынып, көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылық әлеуетін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.

Жас көшбасшыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, жарқын бастамалар мен толағай табыстар тілейміз!

Автор: №10 ЖББОМ