БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ — ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!
Дата: 2026-11-26 13:00:31
2026 жылғы 24 қарашада Қарағанды қаласында Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумының облыстық кезеңі өтті.
Форум қорытындысы бойынша Балқаш қаласының командасы 12 команданың арасынан III орынға ие болды!
Форумда Балқаш қаласының намысын қорғаған оқушылар:
- Дилара Мұратқызы — Абай атындағы №2 мектеп-лицейі;
- Калиолла Аль-Тайр — №10 жалпы білім беретін мектебі;
- Алсарұлы Ерғазы — №12 жалпы білім беретін мектебі;
- Исабекова Аида — №24 мектеп-интернаты.
Қатысушылар өз идеяларын ұсынып, көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылық әлеуетін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.
Жас көшбасшыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, жарқын бастамалар мен толағай табыстар тілейміз!