КИБЕРБУЛЛИНГ: АТА-АНАЛАРҒА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Кибербуллинг — интернет желісі арқылы адамды қорлау және қудалау. Көбінесе әлеуметтік желілерде жүзеге асырылады және жасөспірімдер арасында кең таралған.
АЛДЫН АЛУ:
ОТБАСЫНДА СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ
Отбасында әр мүшесі өзін мазалаған мәселелермен бөлісе алатын сенімді қарым-қатынас қағидаларын қалыптастырыңыз. Бала әлсіздік таныту ұят емес екенін және кез келген мәселені ата-анасымен талқылай алатынын түсінсін. Балаңызбен әрдайым ашық сөйлесіңіз.
БАЛАМЕН БҰЛ ТАҚЫРЫПТЫ ТАЛҚЫЛАҢЫЗ
Агрессивті хабарламалар мен жала жабу кибербуллингке жататынын түсіндіріңіз. Бала кибербуллингті бірден танымауы мүмкін. Мазмұнының шындыққа сәйкестігіне қарамастан, қорлайтын хаттар кибербуллингтің бір түрі екенін айтыңыз. Сондай-ақ балаға өзі көпшілікке айтқысы келмейтін жеке ақпаратты интернетте жарияламау керектігін түсіндіріңіз.
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ БАПТАУЛАРЫН ОРНАТЫҢЫЗ
Әр әлеуметтік желіде мұндай мүмкіндік бар. Мысалы, пікірлерде, жазбаларда және фотосуреттерде сізді белгілеуге тыйым салуға болады. Баланың парақшасында мұндай шектеулер қосылғанын қадағалаңыз.
БАЛАНЫҢ ДЕРБЕСТІГІН ДАМЫТЫҢЫЗ
Баланы өзін қорғауға үйретіңіз. Зерттеулерге сәйкес, жәбірленуші рөліндегі балалар көбіне ата-анасының біріне қатты тәуелді болады. Сондықтан шектен тыс қамқорлық баланың болашақта жәбірленушіге айналуына ықпал етуі мүмкін. Басқаша әрекет етуге болатынын көрсетіңіз.
БАЛАНЫҢ ӨЗ ЭМОЦИЯЛАРЫН ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТЫҢЫЗ
Ата-аналар баланы қалыптасқан гендерлік таптаурындарға назар аудармай, өз эмоцияларын түсінуге, қабылдауға және құрметтеуге үйретсе, баланың жәбірленуші немесе агрессор болу ықтималдығы азаяды.
