«Жасыл эстафета»: біздің мектеп — бірінші орында!
Дата: 2026-09-30 12:57:50
«Жасыл эстафета»: біздің мектеп — бірінші орында!
23 қыркүйекте мектебіміздің оқушылары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған «Жасыл эстафета» экологиялық челленджіне қатысты. Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Акция барысында оқушылар мектеп аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, туған қаламыздың тазалығы мен тәртібін сақтауға өз үлестерін қосты.