Бала – адамның бауыр еті.
Дата: 2025-03-19 15:14:01

Бала – адамның бауыр еті. Ата-ана перзентінің әрбір елеулі қимылын жіті қадағалап, қылығына сүйсіне қарап, жаратқанға шүкіршілік жасайды. Осындай жанға шуақ, жүрекке шабыт сыйлайтын сәттің, қазақы дәстүрдің әдемісі – «тұсаукесер» рәсімі. Наурызнама онкүндігінде «Шаңырақ күніне» арналған мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеші И.Н.Рахматуллина мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Б.Рымғалиева мектепалды даярлық сыныбының оқушыларымен «Тұсау кесер» дәстүрін өткізді. Мерекелік көңіл-күйде балалар би билеп, тәтті шашудан ауыз тиді.