Размер шрифта:
↑

2024 жылғы 24 қаңтарда «№10 ЖББМ» КММ-де 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында «Жоғары сынып оқушыларының дамуындағы қауіп-қатер аймақтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Дата: 2024-01-24 10:11:44

Кіріспе бөлімде ата-аналардың бала дамуындағы ықтимал қауіп-қатерлер, тәуелді мінез-құлық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы түсініктерін кеңейту мен тереңдетуді мақсат еткен тақырыпқа жүгінудің өзектілігі туралы сөз болды.

Тәуелділік түрлері (алкогольдік, есірткілік, химиялық, вейптер) және жасөспірімдерде тәуелділіктің болу белгілері туралы Балқаш қаласы ЖПҚБ ЮПТ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны М.П. Гиждевская баяндап, оның сөзі слайд көрсетілімімен сүйемелденді.

Одан кейін ата-аналар диалогқа қатысып, жоғары сынып оқушыларының қауіп-қатер аймағына түсу себептері туралы сұраққа жауап табуға тырысты, оның соңында барлық әлеуметтік факторлардың ішінде отбасы ең үлкен әсер ететіні және тәуелділіктің алдын алу бойынша отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы қажет екендігі туралы қорытынды жасалды.

Соңында ата-аналарға «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді» атты жадынамалар табысталды.

Автор: №10 ЖББОМ