«111»-бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы – отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды.
Дата: 2023-11-13 09:40:13
Мемлекет басшысының елдегі отбасыларға көмекті тиімді ұйымдастыру, балалардың құқықтарын бұзудың алдын алу және зорлық-зомбылыққа жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында «111»-бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы – отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды.
Аталған байланыс орталығы азаматтарға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады.
Осыған байланысты осы байланыс орталығы туралы ақпаратты міндетті түрде білім беру ұйымдарының ақпараттық стендтеріне орналастыруды қамтамасыз ету қажет.