24.11.2022 жылы «№10 ЖББМ» КММ-де 5-8 сынып оқушыларына арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
24.11.2022 жылы «№10 ЖББМ» КММ-де 5-8 сынып оқушыларына арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібі ата аналар мен мұғалімдер үшін маңызды және мерзімі жеткен сұрақтардан тұрды:
1. «Балалар және вейпинг»
2. «Мектептегі қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу»
Бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог З.Я.Сабитова сөз сөйледі, ол жастар арасындағы «вейпинг» жаңа бағытымен таныстырды, вейп немесе электронды темекі тұтынатын оқушылармен қандай алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Ата-аналар баласының электронды темекіні тұтынатынын қандай белгілерден анықтауға болатынын білді. Ата-аналарға темекі өнімдерін, оның ішінде электронды тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді-ҚРКобАП 441-бабы.
Содан кейін медициналық тұрғыдан бұл сұраққа бірінші санаттағы дәрігер С.В.Клюнников дәріскер өсіп келе жатқан ағзаға қандай зиян келтіретінін болашақта балаларда, әсіресе қыздарда қандай ауыр зардаптар әкелетінін айтты. Ата-аналарға балаларының денсаулығына ерекше назар аударуды ұсынды.
Екінші мәселе бойынша педагог-психологтар А.Д.Крюкова мен А.О.Кайырханова сөз сөйлеп, буллингтің құрылымымен және оның қатысушыларымен таныстырды. Егер бала қорқытушы, қорқытудың құрбаны немесе қорқытудың куәгері болса, өзін қалай ұстау керектігі туралы ата-аналарға ұсыныстар берілді.
Сөз сөйлеушілердің берілген тақырып бойынша слайдтарды көрсетумен жүргізілді. Сөз соңында дәріскерлер ата-аналардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
.jpg)

