Мектепте 5-11 сынып оқушыларына кіретін «Адал ұрпақ» ерікті клубы құрылды.

Дата: 2022-09-26 12:31:17
Мектепте 5-11 сынып оқушыларына кіретін «Адал ұрпақ» ерікті клубы құрылды.

Мектепте 5-11 сынып оқушыларына кіретін «Адал ұрпақ» ерікті клубы құрылды. Клуб қызметінің мақсаты мектепте жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.

Аталған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:

-рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды іске асыру;

-оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру;

- оқушылардың мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

2022 жылғы 15 қыркүйекте «Адал Ұрпақ» клубының отырысы болды, онда клубтың құрамы бекітіліп, клубтың жұмыс жоспары қарастырылды. Балалар сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарас туралы айтып, сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен нысандарын және онымен күресу жолдарын еске алды, құқықтық білім деңгейін нақтылады. Отырыс соңында клуб қатысушылары болашаққа қатысты өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.

Мұғалімдер күні қарсаңында «Адал Ұрпақ» клубымен «Гүлдердің орнына –газет, сыйлықтың орнына – қолдан жасалған бұйымдар!».

1-6 сынып оқушылары қолөнер бұйымдарын, ал 7-11 сынып оқушылары газеттер дайындайды деген шешім қабылданды. Баспасөз және ақпарат фракциясының депутаттары құқық және тәртіп балалар өкілдігі фракциясының қатысуымен тапсырманы орындауға кірісті.

Автор: №10 ЖББОМ