Құтты болсын Наурыз!
Өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, интернационалдық ынтымақтастыққа және халықтар достығына тәрбиелеу мақсатында Балқаш қаласының "№10 ЖББМ" КММ 18 наурыз күні келе жатқан көктем, бейбітшілік, келісім мерекесімен құттықтаудан басталды. Фойеде әндер шырқалды. Экранда мерекенің шығу тарихы, қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың дәстүрлері туралы бейнероликтер көрсетілді. Бұл күні барлық сыныптарда "Наурыз–келісім мен достық мерекесі"мерекесіне арналған сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар өлең оқып, мерекенің тарихы мен дәстүрлерін айтып берді. Экрандарда презентациялар мен роликтер көрсетілді. Балалар көктем мерекесімен байланысты салт-дәстүрлер туралы білімдерін көрсетті! Наурыз-бірлік, көктем, жаңару мерекесі ретінде оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен ақпараттық хабарламаларында көрініс тапты.







Наурыз мерекесін еске алуға арналған киіз үйде фотосессия өткізілді!.





