№ 10 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың ыстық, салауатты және теңгерімді тамақтануын ұйымдастыру бойынша ақпарат.

Дата: 2021-02-19 11:33:55

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Балқаш қаласының "№10 ЖББМ" КММ 1-сынып кезекшілерінің (51 оқушы) тегін ыстық тамақтануы ұйымдастырылды, 3 ақпаннан бастап 2-сынып кезекшілерінің (58 оқушы) және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының балалары үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші және қоса берілген құжаттары (26 оқушы) негізінде тегін ыстық тамақтануы ұйымдастырылды. Осылайша, тегін ыстық тамақпен 135 оқушы қамтылған. Сондай-ақ, ата-аналар қаражаты есебінен оқушылар буфет өнімдерін сатып ала алады. Балалармен асханадағы тәртіп ережелері, әр баланың санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтауы туралы әңгіме жүргізілді.

Санитарлық-гигиеналық нормалардың орындалуын және мектеп асханасындағы тәртіпті мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі қадағалайды (мектеп директоры бекіткен кезекшілік кестесі бар).

 

 

Автор: №10 ЖББОМ