Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойының аясында
Дата: 2021-02-17 16:49:33
Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойының аясында
№ 10 орта мектебінің оқушыларымен мұғалімдерінің қатысуымен «Кел,балалар,оқылық!» атты тағлым сағаты өтті. 5-11 сынып оқушылары Ұлы ұстаздың әңгімелері мен өлеңдерін жатқа айтып,өмірі мен еңбектері туралы ойларын ортаға салды. Ағартушының отбасы мен жастық шағы туралы өзінің пікірімен қазақ тілі мұғалімі Жұмагельдинова Ұ.Т. бөлісті. Ыбырайдың «Кел,балалар,оқылық!» айтқан нақыл сөзінің мәні бүгін де ерекше. Кездесуден оқушылардың ой – өрісі мен дүниетанымы кеңейе түсті деген ойдамыз.
