ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылық апталығы аясында 5-6-сынып оқушылары «Менің атым-Қожа» және «Менің де атым-Қожа» фильмін қызыға көріп, ондағы басты кейіпкерлердің басынан өткен хикаяларын қызықтады.

Дата: 2021-01-23 10:46:02
ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры

"ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылық апталығы аясында  5-6-сынып оқушылары «Менің атым-Қожа» және  «Менің де атым-Қожа» фильмін қызыға көріп, ондағы басты кейіпкерлердің  басынан өткен хикаяларын қызықтады. Пән мұғалімдері Ахметова Д.Т. және Карипжанова С.К.оқушылардың кешегі Қожа мен бүгінгі Қожаның өмірін салыстырып , пікір алмаса алулары үшін қызықты жоспар құрастырды. Бірінші фильм – сотқар бала Қожа туралы. Қазір ондай тентектерді «қиын бала» деп атайды. Өзіне күлкілі көрінгенімен, жолдастарына жақпайтын қылықтары үшін үлкен кісілерден үнемі ұрыс естіп жүрген бас кейіпкер кейде өзінен ересек жолдасының арқасында жайсыз оқиғаларға тап болады.

     Екінші фильм  Қожа картинасымен аттас болғанымен, оқиға желісі мүлде басқаша өрбиді. Бұл фильмде басты кейіпкер ауыл баласы Қожабергеннің қалаға көшіп келгендегі бастан кешкен қызықты оқиғаларын кейіптейді. Фильмнің оқиғалары қазіргі заманды бейнелейді. Іс-шараға қатысқан балалар толағай сабақ алды деген ойдамыз.

Автор: №10 ЖББОМ