Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап қана құрайды.
Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап қана құрайды. Кітап оқу- білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Кітап- адамның жан дүниесінің рухани қазынасы, асыл байлықтың өлшемі. Олай болса бір апта бойы өткен оқу сауаттылығы апталығының қорытындысы ретінде 1- 11 сынып оқушыларына арнайы түрде кітап басып шығару,жалпы кітап тарихы туралы онлайн экскурсия ұйымдастырылды.
Жас ерекшеліктеріне сай сараптап алынған видео материалдарды тамашалаған оқушылар қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тарағанын, баспа кітап өнерінің тууы-кітаптың дамуына кең жол ашқанын, алғашқы ағаш баспа қалыбы ХІ ғасырда пайда болғанын,1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді жасап шығарғанын,
Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты болып, осыған орай Қазақстанның: Қазан, Уфа, Орынбор, Ташекент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар шыға бастағаны жайлы терең мағлұматтар алып.Білім,танымдарын толықтыра түсті.



