Размер шрифта:

Ашық сабақ

Дата: 2014-03-17 09:10:20
Ашық сабақ

6А сыныбы

Күні:28.02.14.ж

Сабақ тақырыбы:Сарматтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сармат тайпасының тарихымен, мекен еткен жерлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Сарматтардың саяси тарихынан деректермен таныстыра отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, тарихи фактілерге баға беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың қазақ халқының негізін құрған тайпалардың бірі екендігін, оның тарихының қазақ тарихындағы орнын,баяндай отырып, білікті, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:топпен жұмыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша баяндау

Көрнекілігі:карта, интербелсенді тақта,Флипчарт,карта,оқулық

Пәнаралық байланыс: Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ғұндардың тұрмсы мен шаруашылығы

Сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру

     1.Ғұндар қай кезенде өмір сүрген? Б.з.б.3ғ мен б.з-дың 4ғ-да.

2.Ғұн қоғамында кім билік етті?( Шаньюй)

     3.Ғұн мемлекетінің негізін қалаған кім? (Мөде)

     4 .Аттиланың өмір сүрген уақыты?( 400-453)ж

     5. Аттила туралы жазған тарихшы?(Прииск)

     6. «Аттила»операсын жазған,Италияның атақты композиторы?(ДжузеппеВерди)

7.Ғұндардың көші тарихта қалай аталады.(Халықтардың ұлы қоныс аударуы)

III.Үй тапсырмасын қорытындылау, жоба қорғау.

1-топ

1.Ғұндардардың тұрмысы

2-топ

1.Ғұндардың мәдениеті

     3-топ

1.Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

    IV. Жаңа сабақ

 Сабақ жоспары:

   1.Сарматтардың орналасқан жері

   2.Савроматтар

   3.Дай тайпалары

1.Сарматтардың орналасқан жері.«Сармат» этнонимы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Осы ғасырда сарматтар күшеейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған. Оларды тарихи деректерде алғашқы кезеңде, б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б.8ғасыр мен б.з-дың 5 ғасырында мекендеген.

Арал – Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах (дай,даг) тайпалары тіршілік еткен. Каспийдің жағалауында каспийлер өмір сүрген. Каспий теңізін сол кезде Гиркан теңізі деп атаған, соған байланысты каспилерді кейде гирканилер дейтін.

2.Саврамат

 Савроматтар б.з.б. 2 ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулап, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Савромат жөнінде грек, Рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен.  Савромат – сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдынғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.

 Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың хабарлауынша, савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған және савроматтар дах – массагеттермен, исседондарментуыстас келген.

 Ғалымдар Оңтүстік Орал, Еділ бойы, Батыс Қазақстан жеріндегі савромат – сарматтардың мөлшерлі санын анықтауы бойынша, б.з.б. 2 – 1 ғасырларда савромат – сарматтардың саны 10 мыңға, б.з.б. 3 – 2 ғасырларда 20 мыңға жуық, ал б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. – дың 1 ғасыры аралығында 5 – 7 мың адам болған.Савромат-сарматтар санының күрт кемуін ұзақ жылдарға созылған қатты қуаншылықпен байланыстырады.Қуаншылықтың әсерінен мал саны азайып, өлім жетімнің көбеюіне әкеліп соқтырды. Осының әсерінен савромат-сармат тайпаларының рулары басқа отырықшы руларға қосылуға мәжбүр болды.         Басқа тайпалармен араласып, бірқатары  отырықшылық  салтқа  көшкен.

Қуаншылық дегеніміз-Қуаншылық-ауа температурасының күрт көтерілуі мен ылғалдың шұғыл азаюы әсерінен туатын күрделі метеорологиялық құбылыс.

 3.Дай тайпалары

Ара-Каспий теңіздері аралығын б.з.б.1 мыңжылдықтың орта шенінде мекендеген тайпалар туралы Геродоттың,парсы патшасы Ксеркстің жазбаларынан білеміз.Олардың хабарлауынша,бұл өңірде дах(дай, даг), сақ массагет тайпалары өмір сүрген. Дайлар бірнеше ру-тайпалардан тұрған.Б.З.Б  248-247ж дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсак бастаған көшпелілер Парфияның аймақтарын басып алған,олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігін құрған.Арсак ер- жүрек батыр болған.Өз патшалығын қорғау үшін шайқаста қаза тапты.Оның орнына інісі Тиридат отырды.Жаңа жерлерді басып ала отырып, бірнеше бекініс салды. Әскерінің саның көбейтті.Сөйтіп Парфия қуатты мемлекетке айналды.

Кейбір пікірлер, болжамдар бойынша,ерте темір дәуірінде Маңғыстау түбегін мекендеген дайлар бүгінгі Кіші жүз құрамындағы адайлармен байланыстырады.Біріншіден; дай мен адай деген тайпа атауларының сыртқы дыбысталу үндестігі өте жақын.Екіншіден ежелден Маңғыстау түбегінде, көрші аймақта өмір сүрген.Бұған қарап дайлар  мен адайлар бір тайпа деуге болмайды.Олардың арасын кемінде 1 мың жыл бөліп жатыр.

V.Қорытындылау

Қорыта келгенде,Сарматтар жалғыз Қазақстанда емес,дүние жүзіне де танымал болған. Сарматтар қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған.Сарматтар ер жүрек, батыр,б.з.б. 8-5ғ өмір сүрген тайпа.

 

 

 

VI.Бекіту:

 1.Сарматтар Қазақстанның қай аймақтарын мекендеген? Карта мен жұмыс.

2.Савраматтар мен сарматтардың байланысы қандай.

3.Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.

4.Арал-Каспий теңіздере аралығын мекендеген тайпалар.

5.Сарматтар қандай тілде сөйлеген.

6.Сарматтар не себептен басқа руға қосылуға мәжбүр болды.

7.Саврамат –Сарматтар санының  күрт кемуіне не себеп болды.

8.Апарн тайпасынан шыққан патша.

Ой толғау:

Оқулықтағы «Сармат сарбаздары» суретіне қарап  сипаттама беру.

VII. Бағалау.

VIII.Үйге тапсырма: §28, мазмұндау.

     «Сармат - савроматтардың көне замандағы орны» шағын әңгіме жазу.