Размер шрифта:

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ 2017 жылдың 12 айы бойынша ЕСЕБІ

Дата: 2018-01-31 11:37:50

ҚР Білім және Ғылым министрінің жоспарында көрсетілген және «ҚР 2016-2019 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру индикаторлары сараптамасына қарап, қалалың орта білім беру жүйесі алға қойған міндеттерін орындап шықты деген шешімге келуге болады.  

         ҚР 2016-2019 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай, Білім бөлімі Бағдарламаның 18 индикаторын іске асыру шаралары бойынша жоспар құрды.

Қаланың барлық 34 білім беру мекемелерінде жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар директорлары қорғап, Білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы бекіткен 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясы мен даму бағдарламалары бар.

Барлық білім беру мекемелері материалды-техникалық базамен қамтамасыз етілген, апатты жағдайдағы, 3 кезекпен оқытылатын мектеп жоқ.

Қала әкімшілігі және депутаттық корпустың жалпы білім беретін қала мектептері ата-аналар коимтетімен кездесу қорытындысынан кейін білім беру мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау туралы үшжылдық жоспар жасалды.

Жөндеу жұмыстары

2017 жылдың жылу беру мерзімі мен жаңа оқу жылына білім беру мекемелерін дайындау үшін 281,2 млн. теңге бөлініп, барлық мектеп санының 41 %  құрайтын 13 білім беру нысанында жөндеу жұмысы жүргізілді.

 4 мектептің терезесін ауыстыру, 5 мектептің шатырын, 4 мектептің жылу жүйесін, №2 мектеп интернатының электрмен қамтамасыз ету және канализациясын, №1 мектептің, Оқушылар сарайының сыртын жөндеу жұмыстары 100%-ға орындалды.

Энергияны сақтау іс-шаралары жоспарын іске асыру барысында 2017 жылы 10 мекемеде құны 10,0 млн. теңгеге АТП орнатылуы, екі айда (қараша, желтоқсан) 7,6 млн. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Денсаулық сақтау жол картасын» орындау мақсатында 2017 жылдың қаңтарынан бастап барлық мектептің медицина қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесіне берілді.

7 медициналық кабинетті қайта жасау мен 8 стоматология кабинетін ашу мен санитарлық ережелер нормасын ретке келтіру үшін  жергілікті бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінді.

Мектепке дейінгі білім беру

Қазіргі уақытта қалада 22 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде:

- 14 бала бақша

-  5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі даярлықты қамтамасыз ететін 8 шағын орталық.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының даму динамикасы

 

Балқаш қаласы бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтудың қолайлы динамикасы байқалады, 2014 жылмен салыстырғанда өсуі 36%.

2017 жылы  балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 4062 баланы құрады, яғни, 96,4%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%.

Қолданылып жатқан шараларға қарамастан қалада қосымша орынға сұраныс сақталуда. 2017 жылдың 1 желтоқсанына мектепке дейінгі білім беру мекемесіне жолдама алу үшін (7жасқа дейін) 2896 бала кезекте тұр.

Анықтама:

- 0-1 жасқа дейін– 1680бала.

- 1-2 жасар– 597 бала(бала бақша жасына жетпегендер).

- 2-3 жасар– 349 бала(нақты бала бақшаны күтуде, кезекке кеш қойылуына байланысты кезектің соңында тұрғандар).

- 3-4 жасар– 207 бала(нақты бала бақшаны күтуде, дұрыс емес байланыс мәліметін бергендер, қалаға көшіп келуіне байланысты кезек соңында тұрғандар, кезектен алынғысы келмей үйде отырғандар).

- 4-5 жасар– 63 бала(дұрыс емес байланыс мәліметін бергендер, үйде отырғандар).

- 5-6 жаста– 0 бала

 

Орта білім беру

Қалада жалпы саны 11076 баланы құрайтын 18 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді. 2017 жылы қалада қысқарған күндізгі жалпы білім беру мектебі-1(қалалық гимназия қысқарды). 2013-2017 жылдары күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептер жүйесінің өзгеріс динамикасы.  

 

Барлық мектептерде оқыту 2 кезекте жүргізіледі, сыныптардағы оқушылар саны-21. 

Инклюзивті білім беру

Қаладағы білім беру сұрақтарының ең маңыздысы ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға тең дәрежеде білім алуға жағдай жасау.

Дамуы шектеулі балалар балалардың тең дәрежеде білім алу құқығы  мен білім беру үрдісіне толықтай интеграциялануын қамтамасыз ету үшін Білім бөлімі инклюзивті білім беруді енгізудің іс-шаралары жоспарын дайындады.

«Ер Төстік» бала бақшасында 25 орындық  сөйлеуінде кемістігі бар балаларға арналған екі логопедтік-түзету тобы мен 24 орындық психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған топ жұмыс жасайды.

Аталған топтарға балаларды қабылдау облыстық психологиялық-педагогикалық комиссия қорытындысы негізінде іске асырылады. Ата-аналарға әдістемелік көмек пен педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Ботақан» кеңес пункті ашылған.

Қарағанды облысы Оқу әдістемелік орталығының 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 13 бұйрығына сай, №1 орта мектеп базасында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді дамыту жұмысында педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру модулі аясында стажерлық алаң ұйымдастырылған.   Стажерлық алаң № 4,5,8,10,16,17,24 қала мектептерінің инклюзивті білім беру мәселелерін іске асыру мен білім беру бойынша өзара серіктестік жүйесін орнатуға себеп болады.

2015-2017 жылдары «Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен мазмұны» тақырыбы бойынша мектептердің 32 педагогы біліктілік көтеру курсынан өтті. 

 2015-2016 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің бюджеттік жобасы аясында 8 педагог «Дефектолог» и «Логопед» мамандықтары бойынша қайта оқытудан өтіп, 2017-2018 оқу жылының басында барлығы жұмыспен қамтылды.

«Жалпы білім беретін №4 орта мектеп» КМК жанында алғашқы ауызша сөйлеу дамуы бойынша кемшілігі бар балаларды Мемлекеттік жалпы білім  стандарты мен оқу бағдарламаларын игеруге және мектепте оқытуға даярлауға арналған логопедтік пункт жұмыс істейді. Логопедтік пункттен 39 бала оқып шығып,20–сы оқуды жалғастыруда.

Ерекше білім алу қажеттілігіне душар балаларға кедергісіз қолжетімділік пен тең жағдай жасаған мектептердің үлесі 88,1 %.

Педагогикалық корпус пен біліктілік көтеру

 

2017жылғы педагогикалық корпус  1080 адамды құрайды, 969 әйелдер немесе 90% және келесі кәсіби құзырлық деңгейімен сипатталады:   

- 816 (76%) жоғары білімді педагог қызметкерлері.

- 502 (47 %) жоғары және бірінші біліктілік санатты;

 

«Назарбаев Интеллектуальдымектептер»АҚ оқу бағдарламалары бойынша педагогтардың жаңа формациядағы деңгейлік біліктілік көтеру курсынан  172 педагог (16%) өтіп, «Назарбаев Интеллектуальдымектептер»Кембридж университетінің білім беру факультетінің сертификатын алды. 

Қаланың ағылшын тілінің 40 мұғалімі білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында ағылшын тілінде сабақ беру әдістемесі бойынша оқытудан өтті.

Қазіргі заманғы практикалық-бағдарлық оқыту әдісін енгізу, қазіргі заманғы технологияларды меңгерген, жаңа формациядағы мұғалімдерді даярлауды қажет етеді.  Мұғалімдердің 75% жаңа педагогикалық технологияны игерген, 64% жұмысына пайдаланып жүр.  

Кәсіби шеберлікті көтеруге мұғалімдердің жаңа форматтағы курстық даярлығы мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 343 педагог Кембридж университетінің деңгейлік бағдарламалар курсын бітірді, яғни, қала мектептері педагогтарының жалпы санының  32% құрайды.  

ҰБТ-2017

2017 жылғы түлектердің ҰБТ орташа балы – 80,1.

18 жалпы білім беретені орта мектептердің 16-сының жалпы контингенті 264 баланы құрайтын түлектері болды (2016 жылы-274).

16 жалпы білім беретін орта мектептердің 264 оқушысының 231-і ҰБТ қатысты (2016 жылы-238), 2016 жылмен салыстырғанда 0,7% артық. Олардың ішінде, қазақ тілінде оқитыны-167 адам, орыс тілінде-64.

Екі лектің қорытындысы-80,1 балды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 6,2 балға кем.

 

ҰБТ-2017 қорытындысы бойынша  Балқаш қаласы Қарағанды облысы бойынша 3 орында. (2016ж. – 3 орын).

Қалада білім беру сапасын көтеру мақсатында мектептерді қазіргі заманғы компьютерлік техникамен, жаңа модификациялы пән кабинеттерімен, интерактивті құрал-жабдықтармен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етудің жүйелі жұмысы жүргізілуде.

Қала мектептері оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға мүмкіндік беретін «АНА» интерактивті-инновациялық құралдарымен 100% қамтамасыз етілген.

Қала мектептерінде  100% «Білімал- Электронды мектеп» білім беру жобасы енгізілген.  

Ақпараттандыру бағдарламасымен толық қамтамасыз ету үшін қала мектептерінің компьютерлік паркі жүйелі түрде толықтырылып отырады.

 2017 жылы 400 бірлік алынды, 1 компьютерге 5 баладан келеді, облыстық көрсеткіш-5 бала. Айырбастауды талап ететін – 4% (90 бірлік).

Білім беру мекемелері

 

 

барлығы

2017 жылғы қойылған мектеп саны

2017 жылғы қойылған саны

1 компьютерге көптігі

1

 №1ОМ

165

118

47

5

2

 №2лицей

193

158

35

6

3

 №ОМ 

93

83

10

3

4

 №4ОМ 

161

131

30

4

5

 №5ОМ

152

132

20

7

6

№6ОМ

95

85

10

5

7

№7 М/Г

160

130

30

8

8

 №8  ОМ

147

124

23

6

9

 №9  ОМ

101

71

30

17

10

№ 10  ОМ

162

142

20

6

11

№15М/Л

168

135

33

8

12

№16ОМ

130

110

20

12

13

№17ОМ

172

162

10

5

14

№24ОМ

121

106

15

3

15

№25ОМ

101

91

10

4

16

№2инт

93

68

25

4

17

№3инт

55

35

20

5

18

МНШ

15

15

2

4

19

ВОШ Балхашқ

11

9

0

0

20

гимназия

122

112

10

 

 

Барлығы

2417

2017

400

5

 

Кең жолақты интернетке қосылу көрсеткіші100%, барлық 18 білім беру мекемесі қосылған.  

  2017 жылы барлық білім  беру мекемесіне 61 мультимедиалық құрылғы алынып орнатылды (ПИК: проектор + интернет + компьютер) 1 сыныптарда жаңартылған білім беруді интерактивті қолдау үшін, сонымен бірге, 20 интерактивті құралдар кешені алынды (интерактивті тақта мобилді демеуішпен-проектор).

Мектептерді қазіргі заманғы пән кабинеттерімен толықтыру жалғастырылуда. Соңғы үш жылда көрсеткіш  46 %-дан 72% ға өсті,  облыстық көрсеткіш - 57%.

 2017 жылы тағы 7 пән кабинеті алынып, орнатылды (2 химия, 3 физика, 2 биология). Жалпы саны – 53 кабинет, яғни  72% құрайды.

 

«Білім беру робототехникасы» пилоттық жобасы аясында қалада робототехниканың 9 лабораториясы жұмыс жасайды.(облыс бойынша– 200). Бұл оқушыларға инженерлік іс пен ғылымға деген құлшыныстарына демеу болды. Нәтижесінде мектептердеSynergy ғылыми білім беру қорымен «Болашақтың инженерлері» жобасын енгізу жұмысы басталды.

 2017 жылы жалпы құны 28,0 млн. теңгені құрайтын жергілікті бюджеттен 4 кабинет және республикалық бюджеттен 4, барлығы 8 «Робототехника» кабинеті алынды. Бұл қосымша 100 баланы қамтуға мүмкіндік берді.  

Сонымен, қала бойынша робототехника кабинеттерімен қамтамасыз ету – 47,4% құрайды.

Жалпыға білім беру қоры

Жалпыға міндетті орта білім беру қоры жалпы мектеп бюджетінің2,8%құрайды.

 

 

 

Азқамсыздандырылған отбасы  оқушыларының саны

Тамақтандыруды ұйымдастыру (мың. тенге)

1 оқушыға шығын күніне  300 тенге

Киіндіру мен оқу жабдықтары. Жылына 1 оқушыға жылына30,0 тенге

Санаторлық-курорттық ұйымдар мен лагерьлерге жолдама

1 жолдама құны6700 тенге

Барлығы

(мың. тенге)

795

47700,0

16650,0

3015,0

67365,0

 

 

 1112 оқушы үшін қоғамдық көліктерді пайдалану үшін, 2017 жылы жергілікті бюджеттен 12 млн,749 мың теңге бөлінді.  

атауы

Бала саны

шығыны

(мың.тенге)

Қала ішінде жүру

986

11088,0

Қала маңындағы көліктерде жүру

126

1192,0

Барлығы

1112

12280,0

 

 

 2017жылы 18 мектепте (барлық мектептер санының-100%)  ыстық тамақ ұйымдастырылған. Азқамсыздандырылған және көпбалалы отбасыларынан 875 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.(барлық балалар санының-100%).

Жаз-2017

Жаз мезгілінде демалу мен сауықтырудың түрлі формаларымен 10522 бала қамтылды, жалпы балалар контингентінің 96,1 % құрайды.  Соның ішінде,18 мектеп жанындағы лагерь мен мектеп жанындағы алаңда, кәсіби лагерьде 6722 бала қамтылды, яғни, 64% құрайды.

         Азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін, 77 еңбек отрядтары мен бригадада абаттандыру бойынша 2820 бала жұмыс жасады(27 %).

13 шілде мен 14 тамыз аралығында Бектауата шатқалындағы «Жас қанат» сауықтыру лагері 4 кезекте жұмыс жасады. Бұл лагерьде демалып, денсаулығын түзеткен бала саны-1000, барлық 7 жастан 14 жасқа дейінгі санының 10 %  құрайды.

Осы жылы жергілікті бюджеттен лагерьге 72,2 млн.теңге бөлінді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары балалардың бос уақытын қамту мен скауықтырудың жоғары деңгейін сақтауға, барлық категориядағы балалардың рухани және ден саулығын сақтау мен бекітуге, танымдық белсенділігін, шығармашылық әлеуетін, интеллектуалды қабілетін арттыруға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірлік қиын жағдайға душар болған  балаларға әлеуметтік қолдау жасауға мүмкіндік берді.

Патронаттық тәрбие

2017 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баладар саны-168; қорғаншылықта(қамқоршылықта- 152), патронаттық тәрбиеде- 14.

2017 жылдың 1 қыркүйегінен төрт кәмелетке толмаған тәрбиеленетін отбасы типті балалар үйі (Танцурина В.С) ашылды.

2018 жылғы АЕК санытенге

Төлемақы алатын адам саны

Бір реттік төлем

(75 АЕК) тенге

барлығы

(мың. тенге)

2405

1

183000

183,0

 

 

Сонымен, маңызды мәселе интернаттық жағдайдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін қорғаншылыққа, отбасыларына асырап алуға беру институтын жетілдіру.

Қосымша білім беру

Білім беру жүйесінің структурасына балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мен шұғылдануын қамтамасыз ететін мектептен тыс екі мекеме Оқушылар сарайы мен Өнер мектебі кіреді.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы мейлінше кең танымал көркемдік-эстетикалық, денешынықтыру сауықтыру және ғылыми-техникалық бағыттағы үйірмелер.

Қосымша білім берумен 4341 бала қамтылған, яғни, 39,2%.

Мектептен тыс мекемелердегі үйірме саны 50 бірлік. Кейінгі үш жыл көлемінде көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, техникалық, экологиялық, туристік-өлкетану, қоғамдық- гуманитарлық, тілдер, роботехника бағыттары бойынша үйірмелер саны 12 бірлікке артты.  Өнер мектебі мен №2,25 орта мектеп, №3 мектеп интернаты арасындағы Меморандумға сай вокальдан (1 бірлік), хореографиядан (1 бірлік), авиамодельдеу мен кеме жасаудан (1 бірлік) қосымша үйірмелер ашылды.

Қосымша білім беру жүйесінде білім беру, тәрбие беру, әлеуметтік функциялар орындалады, балалар өмірі мен іс-әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық моделі дайындалып, енгізіледі, балаларды, соныі ішінде, мүмкіндігі шектеулі, тәуекел тобындағы балаларды әлеуметтендіру мен қалыптастыру, дарынын дамыту бағдарламалары іске асырылуда.

2017 жылдың қарашасынан №15 мектеп лицейінде облыстық пилоттық жоба аясында, пилоттық режимде «Футбол сабағы» жобасын енгізу басталды, «дене шынықтыру» сабағының үшінші сағаты.

         SWOT – білім беруді дамыту сараптамасы

 

 

Жағымды әсері

Қолайсыз әсері

Ішкі орта

Мықты жақтары:

Жоғары және бірінші санатты педагогтар үлесінің өсуі;

Мектеп оқушылары контингентініңі өсуі.

Әлсіз жақтары:

Инклюзивті білім берудің баяу дамуы;

Зейнетақы жасындағы педагогтардың болуы.

Жас педагогтардың аз келуі;

       Сыртқы орта

МЖС аясында бала бақшалар жүйесін дамыту мүмкіндіктері;

Электронды оқытудың жаңа технологиялары.

 

   Демографиялық үрдістің азаю қаупі.

    Көші-қон үрдісінің күшеюі, халықтың кетуі, көші-қонның жағымсыз сальдосы;

   Кәсіпорында жаңа технологиялардың дамуы және оқу бағдарламаларына жаңа талаптар;

 

 

Жетістік жолдары:

- Білім беру мекемелерінің техникалық базасын жаңа модификациялы кабинеттермен, оқулықтармен, компьютерлермен толықтыру;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы жиһазы мен қолайлы орындары бар мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер санын көбейту;

- мектепке дейінгі мекемелер жүйесін дамыту;

- жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар базасында инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарын құру;

- Білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізу;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын салу мен қайта құру;

- МЖС принципі бойынша жеке бала бақша салу мен іске қосылуы.

 

2018 жылы шешілуі тиіс мәселелер

 

Көрсеткіш

саны

құны

мың. тенге

ескерту

1

Интерактивті тақта алу

69 бірлік

17425,0

 Кейінгі 3 жылда көрсеткіш   46 % дан72%-ға өсті, облыстық көрсеткіш- 57%.  ПРТкөрсеткіші–орындалды, бірақ тақталарды моралды түрде шаршаған деп танып,ауыстыру қажет.

2

Бастауыш сыныптар үшін шкафтар алу(1-4 сыныптар)

1307бірлік.

16028,0

2017 жылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде облыс әкімінің берген тапсырмасын орындау

3

Су ішу бұрқағын орнату

170 бірлік.

49967,0

2017 жылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде облыс әкімінің берген тапсырмасын орындау

4

2-4 сыныптарға ыстық тамақ ұйымдастыру

3866 адам.

270620,0

ҚР Укіметінің тапсырмасын орындау, ГПРОН индикаторын енгізу жоспарлануда

5

«Мектепке дейінгі мекемеге электронды кезек» бағдарламасын орнату

1

13746,0

2017 жылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде облыс әкімінің берген тапсырмасын орындау

 

Барлығы

 

367786,0

 

 

 

Бөлім басшысы                                     Г.Агдарбекова