Размер шрифта:

Адал ұрпақ

Дәреже: “Адал ұрпақ”
Дата: 2023-03-29 22:12:54
Адал ұрпақ
2022-2023 оқу жылының 14 қараша күні Адал ұрпақ тобының ұйымдастыруымен «15-қараша- Валюта күні» тақырыбында бейнеролик түсірілді. Мақсаты: балалардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, оның маңызын түсіндіру белсенділіктерін дамыту

Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-29 21:30:24
Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары
«Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты көрме Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды әр уақытта айбар еткен бабаларымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегенді айтқан еді. Ал сол егемендіктің ең басты белгісі тәуелсіз ұлттың нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын. Басқаша түсіндірсек, мемлекеттік рә...

Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-29 21:27:27
Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы
2023 жылдың 28- наурызы күні  мектеп- лицей медбикесі Б.Т.Акчулакова 8- сынып ұлдарының арасында"Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы" әңгіме сабақ өткізді. Оқушыларға ұл балалардың организміндегі өзгерістердің болуы туралы мәлімет берді.

Асық ату

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-28 22:05:57
Асық ату
Мектеп - лицейімізде оқушылардың үзіліс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Асық ату" ойыны жүйелі ұйымдастырылуда. Оқушылар өздерінің қызығушылықтарын танытып, қоңырау кезінде асық ату ойынын ойнауды дәстүрге айналдырды. Бұл - ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудегі ұлағатты іс деп ойлаймыз.

Абайлаңыз, балақай!

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-03-27 22:04:59
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі»КММ -де «Абайлаңыз, балақай!» акциясы бойынша өткізілген іс-шаралар бойынша АНЫҚТАМА 27.02.2023ж. куні  «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ «Қауіпсіз мектеп» акциясы жүргізілуде. Акция барысында «Абайлаңыз, балақай!» атты 1-4 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, "Ж...

Жас жол инспекторлары

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-03-27 21:54:28
 «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ  Жас жол инспекторларының 27 ақпан-19 наурыз аралығындағы жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы   № Іс-шараның атауы мерзімі жауапты орындалысы 1. «Абайлаңыз, балалар!»акциясын өткізуге...

Сынып сағаттары

Дәреже: Сынып сағаттары
Дата: 2023-03-27 21:47:51
Сынып сағаттары
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ- де 2023 жылдың 27 наурыз күні өткізілген сынып сағаттары туралы ақпар     2023 жылдың 27 наурыз  күні «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ-нің сынып жетекшілері жылдық жоспарға сай құқықтық білім беру бағытына байланысты сынып сағаттарын өткізді.  1-сыныптар: «Кішіге жауапты бол, үлкенді сыйла»...

Біз көктемді қарсы аламыз

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:31:09
Біз көктемді қарсы аламыз
2023 жылдың 24- 26- наурызы аралығында мектеп-лицей оқушылары Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен "Біз көктемді қарсы аламыз" атты қолөнер байқауына қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.

Оқу және жазу мәдениетінің күніне

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:25:21
Оқу және жазу мәдениетінің күніне
2023 жылдың 24-наурызы күні 26- наурыз - "Оқу және жазу мәдениетінің күніне"  байланысты "Ұлттық ойын- ұлт қазынасы" атты сайыс өтті. Сайысты ұйымдастырушы: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.А.Молдажанова.                                               ...

Болашақ инженерлер

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:19:43
Болашақ инженерлер
25.03.2023 жылы 8"в" сынып оқушыларының арасында  "Болашақ инженерлер" 3Д модельдеу байқауы өтті . Байқау барысында Мухитбек Ерлен,Ержанұлы Диас, Дакимов Ерасыл,Қасымов Нұрсұлтанның  жұмыстары жоғары бағаланды

Ұлттық мереке-ұрпаққа өнеге

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:04:20
Ұлттық мереке-ұрпаққа өнеге
17.03.2023 жылы мектеп-лицейде "Ұлттық мереке-ұрпаққа өнеге" атты Наурыз мейрамына арналған саптық жиын өтті. Мақсаты: Оқушыларға ұлттық мерекенің маңыздылығын түсіндіру. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көктемгі демалысты тиімді ұйымдастыру

Дәреже: Кәсіптік бағдар
Дата: 2023-03-27 20:50:50
Көктемгі демалысты тиімді ұйымдастыру
24.03.2022 күні көктемгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес, 9-сыныптың 20 оқушысы Қазақмыс атындағы Политехникалық колледжінде кәсіби сынамадан өтті. Техникалық бағыттағы дәнекерлеуші, балқытушы, металлург, лаборант, автомеханик, токарь сияқты мамандық түрлерімен танысып, мол ақпарат алды.

бiрiншiсi 1 57 58 59 60 61 204 соңғысы