Узалина Кулайым Копешевна

Дәреже: Директор
Узалина Кулайым Копешевна

Құрметті ата-аналар!  

Біздің балабақша қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы білім беру болып табылады.

       Балабақшаның мақсаты жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде жеке бас мәдениетін, өзекті құзыреттілікке ие баланың жеке тұлғасын дамыту болып табылады.

         Біздің балабақша міндеттері:

        1) мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу;

        2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;

        3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;    

       4) балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау