Дәреже: «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясындағы демеушілік көмекМектебімізде өтіп жатқан республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға ата-аналар мен демеушілер тарапынан жан-жақты көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, 2 «А» сынып оқушыларының ата-аналары Жукеева Гульназ Абиловна және Жайдарбекова Анель Ғалымжанқызы акцияға белсенді қатысып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1 оқушыға қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, Қамаубаев Еркебұлан Наймантайұлы 5 ұл балаға мектеп сөмкелерін сыйға тартты. Макажанов Канат Танырбергенович акция аясында 2 оқушыға қаржылай көмек көрсетті. Ал Канатбекова Гульнур Алтынбековна 1 оқушыға мектеп формасын алып беріп, қолдау көрсетті. Көрсетілген көмек оқушылардың жаңа оқу жылына қажетті заттармен қамтамасыз етілуіне және олардың әлеуметтік қолдау алуына бағытталды. Балаларға қуаныш сыйлап, игі іске өз үлестерін қосқан барша демеушілерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! |
2026-08-20 14:53:14 |
Скачать |