Размер шрифта:

Category: Все

«ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» облыстық байқауы

2 бейнеролик

2021-04-16 16:17:00

To download

«ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» облыстық байқауы

Қарағанды облысының білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясындағы «ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ байқауын мектепшілікте өткізіліп, жалғасын табуда. Облыстық байқауы жайлы 22 ақпан күні мектеп кітапханасының меңгерушісі Б.Т.Саметова ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап оқу арқылы оқырман отбасын анықтау және қандай кітап оқитындары туралы жоспарымен таныстырды. Осыған орай мектебіміздің оқушылары 2 «Ә» сынып Орал Кәусар, Болат Балауса 4 «Б» сынып Тұрлыбекова Айым, Рахатұлы Нияс «Біздің сүйікті кітабымыз» атты буктрейлер жасап, өздерінің сүйікті ертегілермен бөлісті. Оқушылар ертегідегі жақсы кейіпкерлерге қарап мейірімді, қайырымды және жаман әдеттерден аулақ болуына ой тастайды. Сынып жетекшілері С.Амандықова мен А.Серікбек өз сыныптардың шығармашылығын танытып және отбасыларымен бірге жұмыс жүргізіле отырып, оқушыларының кітап оқуға, тіл байлығын дамыту белсенділігін арттырумен аянбай еңбек етуде. Кітаппен бірге кемелденейік! Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға, оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру және ертегілер арқылы жалпы дамуға рухани құндылықтарды бойларына сіңіру. Кітап оқу мен оның ішінде ертегілерді түсініп, маңызын ашу. Отбасылық кітап оқу арқылы ата-аналар мен балалар бос уақытында бірге өткізумен пайдасы екенін білу, дүниетанымын кеңейту мен ой қабілеттерін арттыру.

2021-04-16 16:15:09

To download

«Қызықты география» атты онлайн форматта эстафета

Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін нығайтып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, тұлғаның зияткерлік дамуына ықпал ету мақсатында 13.04 күні 8 сынып оқушылар арасында «Қызықты география» атты онлайн форматта эстафета өтті, ұйымдастырған география пәні мұғалімі Мухамедиева Г.С.. Географиялық эстафета баланың таным процестерін және тілін дамытады, ережеге бағындырады, оларды тез ойлауға , алғырлыққа, тапқырлыққа , ізденуге баулиды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Топ жарған 8а сынып оқушысы Серикова Еркеназ жүлделі І орынға ие болса, 8Б сынып оқушысы Н Дарын ІІ орынды жеңіп алды.

2021-04-14 16:38:25

To download

«Мен-полиглотпын» зияткерлік ойыны

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№16 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде"Science and technology" ("Ғылым және технология) атты үштілді білім беру апталығы аясында 12.04.21 күні жоспарға сәйкес химия пәні мұғалімі С.С.Шакеев мектептің 6-сынып оқушыларымен «Мен-полиглотпын» зияткерлік ойынын өткізді. ✅Іс -шараның мақсаты: оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуді, есте сақтау қабілетін, зейінін, тілдік қабілеттерін, ой-өрісін дамыту. Оқушылар сайыста белсенділік танытып, өздерінің білімдерін, тілдік қорларын шыңдай түсті. Оқушыларымызды үштілділік аясында болып жатқан іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.

2021-04-14 16:36:39

To download

«Жас эрудит» зияткерлік ойыны

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ғылым, техника, табиғат" атты жаратылыстану - ғылыми сауаттылық апталығы аясында 12.04.21 күні химия пәні мұғалімі С.С.Шакеев мектептің 5 сынып оқушыларымен «Жас эрудит» зияткерлік ойынын өткізді. ✅ Іс-шараның мақсаты: қызығушылық пен көкжиекті дамыту; география және биология бойынша негізгі материалдарды қайталау. Оқушылар сайыста белсенділік танытып, өздерінің білімдерін шыңдай түсті. «Жас эрудит» жеңімпаздары апталықтың соңғы күні марапатталады. Оқушыларымызды осындай түрлі сайыстар мен байқауларға қатысуға шақырамыз.

2021-04-14 16:35:41

To download

«Science and technology» үштілді білім беру апталығы

Мәселелерді шешуде тың идеялары бар, жаңаша стильде ойлайтын, өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында 2021 жылғы 12-17 сәуір аралығында өткізілетін «Science and technology» үштілді білім беру апталығына ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды белсенді қатысуға шақырамыз!

2021-04-14 16:34:46

To download

«Наурыз – Жыл басы» атты ZOOM платформасымен қалалық зияткерлік сайыс

«Балқаш қаласының білім бөлімі» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз - 2021» мерекесі аясында қазақ халқының атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру мақсатында 2021 жылдың 20 наурызы күні №16 ЖББ мектебі КММ-де «Наурыз – Жыл басы» атты ZOOM платформасымен қалалық зияткерлік сайысы өтті. Сайыс талабы бойынша қала мектептерінен 6- сыныптан үш оқушыдан құралған топ қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Сұрақ-жауап» наурызға байланысты, әдет-ғұрып жайында және мақалдың жалғасын табу бойынша әр қатысушы топқа үш сұрақтан берілді. «Тапқыр болсаң тауып көр» кезеңінде – суретте көрсетілген дәстүр туралы сипаттама беру. «Наурыз батасы» деп аталатын 4-кезеңде әр топ өздері дайындаған наурыз батаның бір үлгісін жатқа айтты. Байқауға «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Кәрім Нұрдос Маратұлы, «Жастар» ресурстық орталықтың маманы Копжасаров Айдын Санаткулович және №16 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смаханова Мария Жакановна қазылық етті. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қанжығасына байлаған «Базарлық» тобы (№16 мектеп), жүлделі І орынмен «Ақ бата» тобы (№8 мектеп), ІІ орынмен «Алғырлар тобы» (№2 Абай атындағы мектеп-лицейі) және «Тапқырлар» тобы (Ы.Алтынсарин атындағы №25 мектеп), «Арулар» тобы (№5 мектеп) және «Алаш» тобы (М.Русаков атындағы санаторлы мектеп-интернаты) жүлделі ІІІ орынмен марапатталып, «Бірлік шаңырағы» тобы (Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі) мен «Аманат» тобы «№9 мектеп) белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сайысқа қатысқан оқушыларға әділқазылар атынан халқымыздың әдет-ғұрыптарын дәріптеп, рухани құндылықтарын сақтай білу білімді ұрпақтың еншісінде екенін айта отырып, әдеби құнды кітаптарды оқуға ұсыныс-тілектерін білдірді. Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Дәстүрімізді дәріптейтін осындай интеллектуалдық сайыстарға белсене қатысуға шақырамыз.

2021-03-24 21:42:48

To download

The word "Nauryz" means "New Day" in Persian

Nauryz is one of the oldest holidays in the world. It has been celebrated in Central Asia for five thousand years. The word "Nauryz" means "New Day" in Persian. It is a holiday to get out of the winter, to be in the sun and to celebrate the New Year. People who met on Nauryz embrace each other and wish each other well. Nauryz is a holiday of Spring and labor, friendship and unity, which brings up a fully developed moral citizen who respects the traditions and customs of our people, absorbing our national qualities. March 22 is the Great Day of the Nation. On this day, day and night are equal. Nature, Mother Earth, and soul are reborn and renewed. Mankind was bleeding and willows bloom. Kyzyr Baba travels through the steppes of the Kazakhs and gives blessings and prosperity to mankind. The stone of Samarkand melts, the sacred Black Earth, the black soil is renewed. In the heart of the great steppe tulips bloom and red and green carpets are laid on the ridges. The people of Kazakhstan make Nauryz kozhe in seven different flavors, preserve national traditions and customs, and celebrate the Great Day of the Nation throughout the month. On this holiday, common to all the Eastern people, the warring parties will be peaceful and united. A book exhibition and a library hour on the theme "Nauryz - the beginning of the year" was organized in the school library of "№16 comprehensive school" of the Department of Education of Balkhash town in honor of the Nauryz holiday. Primary school students were informed about Nauryz and Kazakh traditions. Students asked questions and shared their thoughts. The clothes worn in the national style reflect the appearance and beauty of the Kazakh boys and girls, preserving the traditions. May God bless this unity of our united multinational country for a long time! Let Kydyr Ata give happiness to every house. Congratulations on the Great Day of the Nation- Nauryz! May Nauryz bring joy and happiness to every family!

2021-03-24 20:13:07

To download

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Менің жырым - халқым» тақырыбында поэзиялық минуттары

Видео 3

2021-03-15 16:03:57

To download

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Менің жырым - халқым» тақырыбында поэзиялық минуттары

Видео 2

2021-03-15 16:03:12

To download

"My poetry is the people"

A "Minute of Poetry" dedicated to the 175th anniversary of the poet Zhambyl Zhabayev was held in our school. It was organized by the teacher of the Kazakh language and literature Skakova A. B. on the topic: "My poetry is the people" among students of the 9th grades. They recited the poems of the great poet by heart. The best readers were awarded with diplomas.

2021-03-15 16:01:05

To download

«Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясы

«Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясы - 3

2021-03-15 15:31:13

To download

First 1 64 65 66 67 68 79 Last