Жаңартылған білім беру мазмұнындағы критериалды бағалау үдерісін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ЕСЕП

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қалалық білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ жаңартылған білім беру мазмұнындағы критериалды бағалау үдерісін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ЕСЕП

2020/2021 оқу жылы (5-11 сыныптар)

 

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ету.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

Критериалды бағалауға қатысты үдерістер мен рәсімдерді жүзеге асыру, үйлестіру мақсатында  критериалды бағалау жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы номативтік, әдістемелік құжаттармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл орайда (5-10 сынып) пән мұғалімдері мен сынып оқушылар туралы мәлімет, сапалық құрам уақытымен жасалып отырды. Оқу жылының бойында  барлық сынып пән мұғалімдері (5-сыныптар-9 пән, 6-сыныптар-9 пән, 7-сыныптар-13 пән, 8-сыныптар-13 пән, 9-сыныптар 14 пән, 10-сыныптар 12 пән, 11-сыныптар 12 пән) жиынтық бағалау кестесін тапсырды. Тоқсан соңында тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесіне сай барлық сыныптан ТЖБ алынды. Әр сыныптан Пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылу тәртібіне сәйкес оқушы жұмыстары модерацияға түспеді. Тоқсан сайын арнайы тағайындалған комиссия мүшелерімен пән бойынша ТЖБ,БЖБ тапсырмалары толық тексеріліп, ол туралы хаттамалары жазылды.

Ата аналармен байланыста пәндік жиынтық бағалау рубрикасы шығарылып отырды.

Мұғалімдер жиынтық бағалаудың үлгісіне сәйкес, оқушы деңгейлері мен жас ерекшелігіне қарай бөлімдік жиынтық бағалау жасап отырды. Сонымен бірге  2020-2021 оқу жылының ӘНХ, «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ӛткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 494 бұйрықпен соңғы ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жӛніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 345 бұйрығы бойынша жыл бойы жүйелі жұмыстар жасалды. Тоқсан сайын бекітілген БЖБ,ТЖБ алу ережесімен таныстырылып отырды. Әр тоқсан соңында пән мұғалімдері БЖБ,ТЖБ сараптамаларын өтізіп отырды.

Жылдық тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қорытындысына саралау жүргізсек, мектеп бойынша 16 пән бойынша жиынтық бағалау жазылып, 754 баланың басым көпшілігі «орта» деңгейден көрінді. Тоқсандық жиынтық бағалау сапасы

ТЖБ сараптамасының  диаграммасы

Қазақ   тілі

 

Қазақ әдебиеті

Шет тілі

Орыс тілі мен әдебиеті

 

Қазақстан тарихы

Дүние тарихы

Информатика

Математика

 

Алгебра

 

Геометрия

Биология

 

Химия

 Физика

Жаратылыстану

География

Жалпы пәндердің салыстырмалы  ТЖБ сапасы

 

Бағалаудағы тәжірибелерді тарату, педагогтардың өзара әрекеті үшін алаңдар, тренингтер, коучингтер, іс-шаралар айына бір рет қашықтықтан ЗУМ платформасы арқылы өткізіліп отырды. Биылғы оқу жылы бойынша 26 жоғарғы сынып пән мұғалімдері «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» атты курстан өтіп, тапсырмаларды сапалы жасау жүйесін  қалыптастырды.

Қорыта келе, туындаған мәселелер:

·        Орта буын оқушыларының қашықтықтан оқытудағы білім сапасының төмендігі

·        Оқушылардың баллдық жүйесіндегі «жоғары» деңгейдің төмендігі

·        Ауызша пән сабақтарының қашықтықтан оқыту кезіндегі білім көрсеткішінің сәйкеспеуі

Шешу жолдары:

·        Орта буын оқушыларының білім сапасын көтеруде жоспарлы жұмыстар атқару

·        «Жоғары» баллдық деңгей көрсеткішін жиынтық бағалау тапсырмаларының реттілігі арқылы көтеру қажет.

·        Қашықтықтан оқыту кезінде ауызша пәндерге тыңдалым /айтылым тапсырмаларын жүйелі енгізу