Дәреже: Сайыс

«ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» облыстық байқауы

3 бейнеролик

2021-04-16 16:17:52

Скачать

«ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» облыстық байқауы

2 бейнеролик

2021-04-16 16:17:00

Скачать

«ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» облыстық байқауы

Қарағанды облысының білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясындағы «ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ байқауын мектепшілікте өткізіліп, жалғасын табуда. Облыстық байқауы жайлы 22 ақпан күні мектеп кітапханасының меңгерушісі Б.Т.Саметова ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап оқу арқылы оқырман отбасын анықтау және қандай кітап оқитындары туралы жоспарымен таныстырды. Осыған орай мектебіміздің оқушылары 2 «Ә» сынып Орал Кәусар, Болат Балауса 4 «Б» сынып Тұрлыбекова Айым, Рахатұлы Нияс «Біздің сүйікті кітабымыз» атты буктрейлер жасап, өздерінің сүйікті ертегілермен бөлісті. Оқушылар ертегідегі жақсы кейіпкерлерге қарап мейірімді, қайырымды және жаман әдеттерден аулақ болуына ой тастайды. Сынып жетекшілері С.Амандықова мен А.Серікбек өз сыныптардың шығармашылығын танытып және отбасыларымен бірге жұмыс жүргізіле отырып, оқушыларының кітап оқуға, тіл байлығын дамыту белсенділігін арттырумен аянбай еңбек етуде. Кітаппен бірге кемелденейік! Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға, оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру және ертегілер арқылы жалпы дамуға рухани құндылықтарды бойларына сіңіру. Кітап оқу мен оның ішінде ертегілерді түсініп, маңызын ашу. Отбасылық кітап оқу арқылы ата-аналар мен балалар бос уақытында бірге өткізумен пайдасы екенін білу, дүниетанымын кеңейту мен ой қабілеттерін арттыру.

2021-04-16 16:15:09

Скачать

«Наурыз – Жыл басы» атты ZOOM платформасымен қалалық зияткерлік сайыс

«Балқаш қаласының білім бөлімі» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз - 2021» мерекесі аясында қазақ халқының атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру мақсатында 2021 жылдың 20 наурызы күні №16 ЖББ мектебі КММ-де «Наурыз – Жыл басы» атты ZOOM платформасымен қалалық зияткерлік сайысы өтті. Сайыс талабы бойынша қала мектептерінен 6- сыныптан үш оқушыдан құралған топ қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Сұрақ-жауап» наурызға байланысты, әдет-ғұрып жайында және мақалдың жалғасын табу бойынша әр қатысушы топқа үш сұрақтан берілді. «Тапқыр болсаң тауып көр» кезеңінде – суретте көрсетілген дәстүр туралы сипаттама беру. «Наурыз батасы» деп аталатын 4-кезеңде әр топ өздері дайындаған наурыз батаның бір үлгісін жатқа айтты. Байқауға «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Кәрім Нұрдос Маратұлы, «Жастар» ресурстық орталықтың маманы Копжасаров Айдын Санаткулович және №16 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смаханова Мария Жакановна қазылық етті. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қанжығасына байлаған «Базарлық» тобы (№16 мектеп), жүлделі І орынмен «Ақ бата» тобы (№8 мектеп), ІІ орынмен «Алғырлар тобы» (№2 Абай атындағы мектеп-лицейі) және «Тапқырлар» тобы (Ы.Алтынсарин атындағы №25 мектеп), «Арулар» тобы (№5 мектеп) және «Алаш» тобы (М.Русаков атындағы санаторлы мектеп-интернаты) жүлделі ІІІ орынмен марапатталып, «Бірлік шаңырағы» тобы (Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі) мен «Аманат» тобы «№9 мектеп) белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сайысқа қатысқан оқушыларға әділқазылар атынан халқымыздың әдет-ғұрыптарын дәріптеп, рухани құндылықтарын сақтай білу білімді ұрпақтың еншісінде екенін айта отырып, әдеби құнды кітаптарды оқуға ұсыныс-тілектерін білдірді. Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Дәстүрімізді дәріптейтін осындай интеллектуалдық сайыстарға белсене қатысуға шақырамыз.

2021-03-24 21:42:48

Скачать

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы