Дәреже: Таным

«Тарих дөңгелегі» тарихи-танымдық ойыны

2021 жылдың 28 қазан күні Балқаш қалалық тарихи –өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі аясында «Тарих дөңгелегі» тарихи-танымдық ойыны ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мектебіміздің 8 «Д» сынып оқушылары қатысып, өзара «Тұлпар» және «Бүркіт» тобы болып сайысқа түсіп, білімдерін шыңдап қайтты.

2021-11-03 09:48:49

Скачать

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Менің жырым - халқым» тақырыбында поэзиялық минуттары

Видео 3

2021-03-15 16:03:57

Скачать

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Менің жырым - халқым» тақырыбында поэзиялық минуттары

Видео 2

2021-03-15 16:03:12

Скачать

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Менің жырым - халқым» тақырыбында поэзиялық минуттары

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Менің жырым - халқым» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Б.Скакова поэзиялық минуттарын өткізді. Мақсаты: Жамбыл атамыздың өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату және поэзияны сүю арқылы оны бағалай білуге баулу. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз қадірін қастерлей білуге дағдыландыру. Ақынның шығармаларынан ұлтжандылық сезімін оятумен арқылы елінің өнерін сүюге тәрбиелеу. Бұл шараға 9 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін жарыса жатқа айтты. Нәтижесінде 9 «Б» сынып оқушысы Серікбаева Аружан І орын, 9 «Г» сынып оқушысы Қыдырбай Жансая мен 9 «Б» сынып оқушысы Ыдырысова Гулдария сынды оқушылар ІІ орынға ие болды. Бұдан әрі оқушыларымызды ақынның жырларын жатқа айтып қана қоймай, оның мағынасын таратып, түсініктерін жеткізе білуге шақырамыз.

2021-03-15 16:01:05

Скачать

«Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясы

«Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясы - 3

2021-03-15 15:31:13

Скачать

«Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясы

«Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясы - 2

2021-03-15 15:28:06

Скачать

«Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсия

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-і Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай 5 «Е» сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смаханова М.Ж. «Жамбыл Жабаев әлемі» атты қалалық тарихи өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясын ұйымдастырды. Музей ауласында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, «Тас мүсіндері», «Қазақмыс» қорыту зауыты, қазақтың батырлары, ұлттық құндылықтарға арналған бөлімдер балаларға ерекше әсер қалдырды. Барлық балалар музейді үлкен қызығушылықпен аралады. Тарихшы Даулет Асанханұлы мен музейдің әдіскері Аслан Маратұлы оқушыларға өлкетану бойынша көптеген қызықты мағлұматтар берді. Қасиетті өлкеміздің тарихымен таныстыра отырып, ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғындырды. Сондай-ақ, шежірелі өлкеміздің тарихын біліп қана қоймай, Жамбыл атамыздың өмір жолы мен шығармаларынан бейнеролик тамашаланды. Стамбек Каусар, Қасымова Арайлым, Сәулебек Дарын сынды оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өз ойларын айта білді. Танымдық сағат нәтижесінде оқушылар өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, Жамбыл атамыздың әлемге әйгілі ғасыр тұлғалы жан екенін түсінді. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» дегендей, мұражай өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады.

2021-03-15 15:22:31

Скачать