Жаңалықтар

«Золушка» ертегісінің ағылышын тілінде сценалық қойылымы

Дәреже: Әдістемелік кабинет
Дата: 2018-10-25 09:26:16
«Золушка» ертегісінің  ағылышын тілінде сценалық  қойылымы
Арнайы ертегі кейіпкерлерінің костюмдерімен қойылған сахналық көріністе оқушылар ағылшын тілінде айтылым дағдыларының  жақсы қалыптасқандығын  көрсете білді. Ертегі қойылымы көпшілік көңілінен шықты, іс шараны дайындап ұйымдастырған  ағылшын тілі пәні мұғалімдері Мұқатай А.А., Касылкаримова Р.М.

Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды жетілдіру.

Дәреже: Әдістемелік кабинет
Дата: 2018-10-25 09:22:48
Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды жетілдіру.
Мақсаты – білім беру үрдісінде критериалды бағалауды қолдана отырып, оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалауды үйрету.  Шебер сыныпта «Ширату жаттығуы», «Дейін және кейін» стратегиясы, бағалау парағы қолданылып, топқа бөлінген студенттер мен жас мамандар арасында оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың  жаңа бағыттары  тура...

НЗМ тәжірибесін тарату - әдістемелік жұмыстың стратегиясы.

Дәреже: Әдістемелік кабинет
Дата: 2018-10-25 09:14:59
НЗМ тәжірибесін тарату - әдістемелік жұмыстың стратегиясы.
Шебер сыныпқа пән мұғалімдері, жас мамандар қатысты. Мұғалімдерге  оқытудың белсенді әдіс тәсілдерін қолдана отырып,тапсырмалар беріліп, тапсырмаларды орындау барысында ҚМЖ құрастырудың  негізгі бағыттары сараланды. Мұғалімдер  қысқа мерзімді сабақ жоспарын талапқа сай жасауды меңгеруде мазмұнды тәжірибе алды. Шебер сыныптыбастауыш сынып мұғалімдері Қазақбаева А.Т. мен Қазбаева М....

«Білімді ұрпақ - ел тірегі» атты интеллектуалды ойын өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 17:56:21
«Білімді ұрпақ - ел тірегі» атты интеллектуалды ойын өткізілді...
    24 қазан күні 6-7 сынып оқушылары арасында «Білімді ұрпақ - ел тірегі» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Балалар «Білім» және «Gils» командаларынының құрамында ойнады. «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Тарих» пәндік салаларында өз білімдерін көрсетті. Ойын барасында басқатырғыштар, реб...

«Адам табиғат қоғам» үйірмесі аясында дөңгелек үстел өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 17:05:35
«Адам табиғат  қоғам»  үйірмесі аясында  дөңгелек үстел өткізілді...
     24 қазан күні  4 сынып  оқушыларымен  «Адам табиғат  қоғам»  үйірмесі аясында  дөңгелек үстел өткізілді. Үйірме жетекшісі Мағауина Г. Е. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Экология. Жасыл ел және  еліміздің экологиялық мәселелерін шешу  жолдары».  Мақсаты: Экология  туралы білімдерін жетілдіру. Сонымен қата...

"Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол"

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:56:47
18.10.18 ж "Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол"  тақырыбында  кітапханада ақпараттық сағат өтті. Оған жоғарғы сынып оқушылары жәнеақын-сазгер Қ.М.Саденов қатысты. Бұл күн елімізде ерекше аталып өтіледі. Әртүрлі  ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Еліміз бүгі...

Менің жүрегім-сенің жүрегің

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:39:05
Қазан айында жүрек күніне орай «Менің жүрегім-сенің жүрегің »  атты мерекелік іс-шара өтті және стенд бұрышы жасалды. Салтанатты жиында жүрек қан тамырлары ауруларының алдын-алу туралы мәлімет берілді. Іс-шарада спорттық ойындар мен мектеп медбикесі оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат берді. Бір апта бойы мектеп бойынша таңертеңгілік жаттығулар жүргізілді....
Автор: №6 ОМ

Футбол командасы жеңіспен оралды

Дәреже: Спорттық іс-шара
Дата: 2018-10-24 16:20:52
Футбол командасы жеңіспен оралды
Қала мектептері арасындағы оқушылар Спартакиадасының бағдарламасы бойынша өткен «Былғары доп» футбол жарысында мектебіміздің футбол командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар осылайша мектебіміздің мерейін үстем етті. Құттықтаймыз!  

«Жыл мұғалімі -2018» байқауынан

Дәреже: Жыл мұғалімі - 2018
Дата: 2018-10-24 16:17:26
«Жыл мұғалімі -2018» байқауынан
Мектепішілік "Жыл мұғалімі-2018" байқауында топ жарып, қалалық байқауға жолдама алған химия пәнінің мұғалімі Дуанбекова Бақыт қалалық іс-шараның екі кезеңіне қатысты. Қатысушылардың кәсіби педагогикалық тәжірибесін байқау мақсатында байқаудың алғашқы екі кезеңдері өзге мектепте таныс емес сынып оқушыларымен жүргізілді. Сайысқа қатысушы Бақыт Қуандыққызы қазан айының 19-ы күні химия...

Қыздар арасында

Дәреже: "Мектепке жол" акциясы
Дата: 2018-10-24 16:16:51
  Қыздар күніне орай өткізілген апталықта « Қыздар арасында » атты ток-шоу өткізілді. Бұл бағдарламаға мектеп психологы, медбике мен аналар алқасы қатысты. Ток-шоу барысында Қыз сыры атты жасырын пошта ашылып, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды. Аналар алқасы қыздарға  өз ақыл-кеңестерін айта кетті.             
Автор: №6 ОМ

Дебат

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:09:32
Қыздар апталығына байланысты 11 қазан күні 8-11 сыныптар арасында «Ерте тұрмыс құру..........» атты оқушылар арасында дебат өткізілді. Оқушылар жақтау және даттау болып екі топқа бөлініп, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып топтарының намысын қорғап шықты. Ойын барысында оқушылар тақырыпты аша білді және өз ойларын ашық жеткізе білді. Оқушылар қыз өмірі туралы көп мағлұмат жинап,...
Автор: №6 ОМ

Қыздар күніне сауалнама

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:05:06
  Қыздар күніне орай өткізілген апталықта оқушылар арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнама ауызша түрде жүргізілді. Қойылған сұрақтардың барлығы қыз баласы жайында болды, оның ішінде қызды қырық үйден тыйым және оның ішіне қандай салт дәстүрлер жатады, қыз  баласын сыйлау, eрте тұрмыс құру туралы жүргізілді. Оқушылар бұл сұрақтарда өз ойларын ашық жеткізді.     
Автор: №6 ОМ

бiрiншiсi 1 1582 1583 1584 1585 1586 2021 соңғысы