дене шынықтыру апталығы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абдрахманова Л.У.ның жетекшілігімен «Анашым, әкем, мен спорттық отбасымын» атты спорттық ойыны өтті.
21 ақпан күні дене шынықтыру апталығы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абдрахманова Л.У.ның жетекшілігімен «Анашым, әкем, мен спорттық отбасымын» атты спорттық ойыны өтті.
Барлық отбасы мүшелері салауатты өмір салтын ұстануы керек. Өйткені ата-ана баласына үлгі.
Спорттық эстафетаға 3 отбасылық команда қатысты.
Шара қатысушылардың құттықтау сөзімен басталды. Музыкалық қыздыру байқаудың барлық қатысушыларын біріктірді. Командаларға өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете алатын қызықты, кейде өте қиын жарыстар ұсынылды. Ал отбасылық жарыстардың ересек қатысушылары ептілігі, құмарлығы және жеңіске деген жігері жағынан балалардан еш кем түспеді. Командалар спорттық жарыстарда өздерінің ептілігін, шеберлігін, достық жұмысын көрсетуге тиіс болды.
Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғаның барысын қадағалап, қатты қобалжыды. Әрбір жаңа жарыс сайын жағдай қыза түсті. Спорт мерекесі сәтті өтті! Жарайсыңдар балалар мен ата-аналар!
Байқауды қатаң, бірақ әділ қазылар алқасы бағалады. Отбасылар арасында орындар келесідей бөлінді: 1-орын – Дуамбектер отбасы, 2-орын – Мұхитовтар отбасы, 3-орын – Зенченколар отбасы. Ал орындардың қалай бөлінгеніне қарамастан, байқаудың барлық қатысушылары мен көрермендері көптеген жағымды эмоциялар мен жағымды әсерлер алды. Мереке сәтті өтті. Барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Дата: 9.03.2023, 11:07 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі