Размер шрифта:

"Отбасы сағаты"

27 қарашада ZOOM платформасында "Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі" тақырыбы бойынша "Отбасы сағаты" өтті, онда келесі мәселелер қаралды:
1. "Интернет желісіндегі қауіпсіздік", онда директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары И.В. Бондарь интернеттің балалар үшін қандай рөл атқаратыны, интернет-тәуелділік дегеніміз не, балалардың компьютерде уақыт өткізуі денсаулыққа қалай әсер ететіні туралы айтып берді және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтты. 
2. Директордың АКТ жөніндегі орынбасары Е.Ю. Мұхитова ата-аналарды интернеттегі қауіпті ойындармен таныстырды, ата-аналарға ата-ана бақылауын және жасына байланысты шектеулер қоюды ұсынды.
3. Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері туралы ұсыныстар берілді.
Дата: 30.11.2020, 10:38 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі