2024 жылдың 19 қыркүйек күні мектеп-лицейіміздің тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өтті.
2024 жылдың 19 қыркүйек күні мектеп-лицейіміздің тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өтті. Тексеріске комиссия құрамындағы ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің өкілдері С.Е. Касенова , Ж.М. Саденова , А.М.Шорина, А.А.Аугановалар қатысты. Асхананың санитарлық жағдайы, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауы, тамақ өнімдерінің сапасы толық тексерілді. Даярланған тағам екі апталық ас мәзіріне сәйкес, дәмді. Тағам әзірлеу технологиясы сақталған. Технологиялық жабдықтардың барлығы жұмыс істеп тұр. Тексеріс барысында ас дайындау бөлмесіндегі жәндіктердің(шыбын) бары айқындалды. Жұмыртқа сақтау шарттарының толық қарастырылуы ескертілді. Комиссия тарапынан су ішетін фонтандарды дұрыс қолдану бойынша оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Ас блогының жұмысы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша бекітілген ұсынымдарға сәйкес жүргізілу керектігі ескертілді.