Жер сілкінгенде әр адам білуі керек қарапайым амалдар
Жер сілкінгенде әр адам білуі керек қарапайым амалдар
Жер сілкінісі кезінде:
• Үрейленіп жүгіруге;
• Есікте кептеліс жасауға;
• Лифтіні қолдануға;
• Баспалдақ аралығына шығуға;
• Балконға шығуға;
• Жоғарғы қабаттың терезесінен немесе балконынан секіруге;
• Майшамды, сіріңкені, оттықты қолдануға, электр қуатын қосуға болмайды.
Зілзала кезінде не істеу керек?
• Ғимараттың шайқалғанын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың құлағанын көргенде, сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіз.
• Егер үйіңіз бірінші қабатта, далаға шығар есіктің жанында болса, онда құжат пен ақшаны, қажет заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыз.
• Далаға шыққаннан кейін ғимараттан алыс және ашық жерге барып тұрыңыз, тар көшелерде жүрмеңіз.
• Үзілген сымдардан сақтаныңыз.
• Сабыр сақтап, басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыз.
Ғимараттың ішінде қалуға мәжбүр болсаңыз, онда:
• Отырыңыз да, басыңызды бір қолыңызбен бүркеңіз, ал екінші қолыңызбен берік орнатылған бір затты ұстаңыз;
• Қауіпсіз жерлерге: ішкі қабырғаның жанына, бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз;
• Мүмкін болса, үстелдің астына тығылыңыз, ол сізді құлап жатқан заттар мен сынықтардан қорғайды;
• Терезе мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз;
• Майшам мен сіріңкені, оттықты қолданбаңыз, электр қуатын қоспаңыз — газдың шығып кету салдарынан өрт тұтануы мүмкін.
Дата: 26.02.2024, 15:30 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая