«Жер сілкінісі болған жағдайдағы іс-әрекеттер» бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды.
2024 жылдың 23 ақпанында сағат 10.00- де «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «Жер сілкінісі болған жағдайдағы іс-әрекеттер» бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне жер сілкінісі болған кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмін жаттықтыру, қауіпсіз орынға шығару.
Оқу-жаттығу барысында мектептен 251 оқушы, 25 кіші қызметкер, 46 мұғалім қауіпсіз орынға шығарылды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Р.Н. Мұхтар Балқаш қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің өкіліне эвакуацияның сәтті өткені жайлы рапорт берді.
Зілзала кезінде не істеу керек?
• Ғимараттың шайқалғанын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың құлағанын көргенде, сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіз.
• Егер үйіңіз бірінші қабатта, далаға шығар есіктің жанында болса, онда құжат пен ақшаны, қажет заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыз.
• Далаға шыққаннан кейін ғимараттан алыс және ашық жерге барып тұрыңыз, тар көшелерде жүрмеңіз.
• Үзілген сымдардан сақтаныңыз.
• Сабыр сақтап, басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыз.
Дата: 26.02.2024, 14:02 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі