Дарынды ұрпақ – жарқын болашақ.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі қоғамның, білім саласында өзекті мәселелерінің бірі-дарынды балаларды анықтап, олармен жеке жұмыс жасау.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу жауапты іс, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда ағымдағы жылдың 17 – 27 күндері мектебімізде «Дарынды ұрпақ – жарқын болашақ» атты дарынды балалар онкүндегі өтуде. Онкүндік аясында оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту, әр баланың жеке қыры мен әлеуетін танып, оның қарым – қабілетін дамыту мақсатында жоспарланып отырған іс – шараларға оқушыларды белсене қатысуға шақырамыз!
Дата: 25.11.2023, 20:08 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі