Размер шрифта:

10-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.

10-11  сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні мектеп - лицейдің 10-11  сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болады. Күн тәртібі бойынша қаладағы Ұлттық тестілеу орталығының маманы Айзада Еркиновна ҰБТ өткізілу тәртібімен ата – аналарды таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Артынша оқушылардың ҰБТ – ға дайындық барысында психологиялық қолдау көрсету туралы мектеп – лицейдің психологы Толетаева Айсұлу Аймұратовна ата – аналарға жан-жақты нұсқаулық берумен қатар, болашақ мамандығы мен оқу орнын таңдау бойынша https://eduser.app, https://www.enbek.kz/atlas/kk сайттарымен таныстырды. Жиналыс соңы сынып жетекшілерінің ата - аналармен 10-11 сыныптардың 1 тоқсан бойынша білім сапасы талқылынып, проблемелар мен әлсіз тұстар анықталып, шешу жолдарын ұсынумен жалғасты.

Дата: 21.11.2023, 15:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі