22.09.2023ж. оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераждық комиссиясы мектеп асханасын кезекті тексерістен өткізді.
22.09.2023ж. оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераждық комиссиясы мектеп асханасын кезекті тексерістен өткізді. 15.09.2023ж. комиссия тексерісінде ұсынылған ұсыныстар жүзеге асырылған. Асханаға толықтай санитарлық тазалау жүргізілген, тағамдар көршілестігі қатаң сақталған.
Оқушылар тағамдардың сапасына және дәмділігіне риза екендіктерін айтты. Сонымен қоса, мектеп-лицей оқушылары үзіліс уақытында тамақтанып үлгерулері үшін тағам сатуға жауапты адамдардың санын көбейтуді өтінді. Жалға алушы оқушылардың өтінішін назарға алды.
Дата: 25.09.2023, 16:19 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі