Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы
16 қыркүйек күні сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелерімен директор жанындағы жиналыс өтті. Жиналысқа әр сыныптың ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп парламентінің Президенті, сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі, кәсіподақ төрайымы, мектептің  медбикесі және мектеп орынбасарлары қатысты.  Жиналыстың мақсаты: 2023-2024 оқу жылына мектептің дайындығын, ұйымдастыру жұмыстарын талқылау. 
Күн тәртібінде:
1. Мектептің ішкі еңбек тәртібінің 2023-2024 оқу жылына арналған ережесімен таныстыру;
2. 2023-2024 оқу жылына арналған мектептің сабақ кестесін, қоңырау кестесін бекіту;
3. Мектептің білім беру қызметтерін көрсетудің шарты бойынша ата-аналармен келісім шарт қызметтерімен таныстыру;
4. Әр түрлі сұрақтар.
 
         Мектептің директорының м.а. Ж.А.Шармуханбетова осы сұрақтар аясында мектептің паспорты бойынша және оқу-тәрбие үрдісіндегі түрлі қызметтері бойынша ақпар берді. 
      "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  бұйрығының тармақтарын көрсете отырып, оқыту және өндірістік практика жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып жасалған күн режимімен, қоңырау кестесімен, оқу жүктемелерімен, сабақ кестесімен слайд-презентациясымен көрсете отырып таныстырып өтті. 
       Ата-аналар комитетінің мүшелерінің әр түрлі сұрақтарына жауап берді, ұсыныстарын талқылады. Жиналыс шешімімен, ата-аналар комитетінің барлығының бір ортақ шешімімен мектептің қоңырау кестесі, сабақ кестесі бекітілді және барлық лицей сыныптарында берілген қосымша сабақтарды сенбі күніне оқытылуына да қарсы еместіктерін бірауыздан қолдады.
Дата: 18.09.2023, 19:47 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі