Жалпыоблыстық ашық диктант
Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 5 қыркүйек күні Абай атындағы 2 мектеп-лицейде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық ашық диктант өтті. Диктант жазуға 3-11 сынып оқушылары, педагогтар, мектеп-лицей әкімшілігі, кіші қызметкерлер қатысты.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту.
Диктант - Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайта отырып, қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беріп, сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аудартады.
Date: 6.09.2023, 9:21 Author: Lyceum №2